МТРА жаңалықтары

Христиандарды Пасха мерекесімен түрлі конфессия өкілдері құттықтады

Мерекені тойлауға жиылған жұртшылықты Петропавл және Булаев епархияысының епископы – Владимир құттықтады.

Владимир – Петропавл және Булаев епархияысының епископы:

– Пасха біздер үшін қасиетті мереке. Сондықтан баршаларыңызды осы жарқын мейраммен құттықтаймын. Отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік тілеймін. Еліміз дамып көркейе берсін.

Бұдан соң мерекені тойлауға жиылғандарға деген құттықтаулар легі тыйлған жоқ. Православтықтарға арнап өздерінің жылы лебіздерін өзге конфессия өкілдері де жеткізді. Солардың бірі -католиктер. Биыл Пасха мейрамын олар православтықтармен бір күнде тойлап жатыр.

Томаш Якубчак – «Святая Троица» рим-католик приходының настоятелi:

– Елімізде түрлі ұлт өкілдері тұрады. Бұл біздің бастысы құндылығымыз болып саналады. Діни мерекелерді бірлесіп атап өту бізде дәстүрге айналған. Биыл Пасха мерекесін католиктер де осы күндері тойлап жатыр. Жарқын мерекеде халқымызға бар жақсылықты тілеймін.

Шіркеу алаңына жиылған жамиғатқа Пасха мерекесіне орай дастархан жайылыпты. 100 келі қарақұмықтан ботқа, тағы 500 адамға қалаш нандар мен 1000 жұмыртқа пісірілген. Олар петропавлдықтарға тегін үлестірілді. Дәмнен ауыз тигендер түрлі ойындар ойнап, көңіл көтерді. Мұндай мереке барша жиылған қауымның көңілінен шықты.

– Құдайға құлшылық ету үшін шіркеуге келдім. Мұнда тағамдар таратып жатыр екен. Барлығы дәмді. Үйде де кешеден бері жұмыртқаларды бояп мерекеге дайындалдық. Барлығын құттықтаймын.

– Мен Омбы қаласынан қонаққа келген едім. Бүгін мерекені қалай тойлайтындығын көру үшін әдейі шіркеуге соқтым. Маған барлығы ұнап жатыр.

Мереке соңында әуеге шар ұшырылды.

 

Мағжан Ахмадина