МТРА жаңалықтары

ТЖД облыс аумағындағы өзен-көлдерде рейдтер өткізуде

Алтынбек Нараш – СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағы құтқару бөлімінің бастығы:

– Ата-аналарға айтарым – балаларға мұқият болу қажет. Көктем кезі – алдамшы. Мұздың қалыңдығы 20 см-дей болса да, ол сынғыш болып келеді. Сондықтан мұзға шығу өте қауіпті.

Сергеевка су қоймасынан ағызылған су бірер күнде қаламыздағы Есіл өзеніне қосылады. Бұның салдарынан, мұз жұқарып, сынғыш болмақ. Алайда, бұл – балықшылықты кәсіпке айналдырған адамдар үшін қиындық тудырмайды. Осындай біліктілердің бірі Анвар Самигуллин. Қария бұл кәсіпке 8 жасынан әуес екен. Кеңес одағының барлық өзендерінде балық аулаған ол әрдайым сақтық шараларын ұстанамын дейді.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы облыс аумағындағы барлық өзен-көлдерде күнделікті рейд өткізеді.

Күннің жылынуы мен судың ағынына байланысты Есіл өзені мұзы күн сайын жұқарып барады. Сондықтан құтқарушылар сақтық шараларын ұстанған жөн дейді. Эльмира Сәдуақасова, Жұлдызбек Ермұқанов, мтрк))

 

Эльмира Сәдуақасова