МТРА жаңалықтары

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов православ сеніміндегілерді пасха мерекесімен құттықтады

– Жылдағы ең шуақты, нұрлы күннен шаттық, қуаныш күтеміз. Барлық халыққа тыныштық, амандық тілеймін.

– Пасха – бұл жарқын мереке. Атаулы күні жұмыртқаны бояп, құдайға құлшылық етемін деушілер шіркеуге барады. Баршаңызға жақсылық тілеймін.

– Бұл күннен бар жақсылықты, игілікті күтеміз. Барлығымыз құдайға сенейік, себебі, жаратушымыз барлық қателіктерімізді кешіреді.

Шіркеуге келгендерді мерекемен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады. Аймақ басшысы еліміздегі ұлтаралық достық пен бірліктің маңызына тоқталды.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Елбасының сындарлы саясатының арқасында сан ұлттың өкілі бейбіт аспан астында өмір сүруде. Біз әр халықтың мәдениеті мен салтын тең дәрежеде ұстаймыз. Бейбітшілік пен тыныштық – біздің басты байлығымыз. Соны берік ұстануымыз керек. Бұған шіркеудің де қосқан үлесі зор. Барлығыңызға денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Пасха мерекесі құтты болсын!

Петропавл және Булаев епархиясының епископы Владимир өңір жетекшісіне алғысын айтып, мерекелік сыйлығын жасады.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

 

– Бұл мерекеде біз бір-бірімізге “Иса пайғамбар қайта дүниеге келді” деп айтамыз. Менің ойымша, біз аталған мейрамды өлім мен зұлымдықты жеңудің символы ретінде түсінуіміз керек.

Осы күні православ сеніміндегіле құдайларын ұлықтап, жаратушыға құрмет ретінде шіркеуді үш рет айналып өтті.

Берік Қасен