Спорт

Петропавлда әуесқой футбол командалары арасында Ашық Біріншілік бастау алды

“Таймас” құрамасы қарсыластарына есе жіберіп алмаудың амалын жасауда. Сөйтіп, “Динамо” қақпасына бағытталған соққы нәтижелі болып, алғашқы тайм 1:1 есебімен аяқталды.

Арман Ахметов – “Таймас” командасының мүшесі:

– Біріншілікке қатысып отырғанымызға биыл 5 жыл. Алғашқы ойынды өткен жылғы чемпиондармен өткізу бұйырыпты. Осы маусымға жақсы дайындалғандары көрініп тұр, жеңіске жетуге барынша тырысамыз.

Биылғы жылы Ашық Біріншілікке қатысушы командалардың саны рекордтық нәтижеге жеткен. Өткен жылы 18 құрама қатысса, биыл бұл қатарға тағы 2 команда қосылыпты.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлiмiнiң жетекшiсi:

– Бұл өңіріміздегі футбол ойынының дамығанының көрсеткіші болып отыр. Биылғы жылы 20 команда қатысатындықтан, құрамаларды екі лигаға топтастырдық. Өткен жылы жақсы нәтиже көрсеткен 10 команда алғашқы лигада сынға түседі.

Дүбірлі дода ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Жарыс жеңімпазы Петропавл қаласының кубогін иеленіп, Астанада өтетін республикалық чемпионатта өңір намысын қорғайды.

Эльмира Сәдуақасова