Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов бірқатар аудандарда болды

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Өкінішке орай, 2012 жылдан бері зауыт тоқтап тұр. Сондықтан алғашқы күннен осы зауыт басшылығымен не істеу керектігін ойластырып, шаралар қолдандық. Сөйтіп жыл аяғына дейін зауыт іске қосылады. Жыл аяғына дейін крахмал және глютен шығаруға тиіспіз.

Жалпы зауытты қалыпқа келтіру жұмыстары 2016 жылдың желтоқсанында басталған. Қазір технологиялық желілерді жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына таман балауыз бен крахмал өндірісін іске қосу жоспарланса, 2018 жылы кәсіпорын толық қуатына көшіп, биоэтанол өндірілмек.

Жандос Есенбай – «Biooperations» ЖШС бас директоры, Тайынша ауданы:

– Зауыт күніне 660 тонна бидай өңдей алады. Одан крахмал, бидай балауызы, жем-азық пен биоэтанол алынады. Алғашқы кезеңде 220-дан астам адамды жұмыспен қамту көзделген.

Зауыт цехтарын аралаған өңір жетекшісі кәсіпкерлерді мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды. Өнім өндірісін мықтап қолға алу керек. Сонда жаңа жұмыс орындары құрылады әрі теріскей экономикасының дамуы еселей түспек. Осы ретте аймақ басшысы Құмар Ақсақалов тұралап қалған өндіріс ошақтарының тамырына қан жүгірту жұмыстары жалғасын табады дегенді тілге тиек етті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Осы жақын маңда 50 мың бас шошқаға арналған кешен бар. Онда бүгіндері тек 600 бас қана мал бар. Ал ол кезінде қыруар қаржыға тұрғызылған еді. Орталық Азияда теңдесі жоқ ет комбинаты да тоқтап тұр. Соларды да іске қосу шараларын қолға алу керек.

Бұдан соң аймақ басшысы Құмар Ақсақалов «КөкшеТехСтрой» серіктестігіне соқты. Мұнда диаметрі 32 мм-ден 530 мм-ге дейінгі құбырлар жасалады. Ал 2016 жылы кәсіпорын жылу желілеріне арналған материал шығаруды қолға алған. Осы жерде Тайынша ауданының аграрийлері бас қосып, облыс әкімімен көктемгі дала жұмыстарына даярлықтарын пысықтады. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов диқандарға элиталы тұқымдарды егіп, барлық технологияларды сақтай отыра жерге дән сіңіру керектігін тағы бір ескертті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Мал шаруашылығы тұрақты табыс көзі болып саналады. Сондықтан, төрт түлік өсіріп, ет өңдеумен айналысу керек. Бізде жұмыссыздар саны көп. Оларды мал шаруашылығымен айналысуға шақырамын. Жеке не бірігіп мал ұстауға болады.

Ауданда шағын және орта бизнес саласы да жақсы дамуда. Айталық, қаңтар айында Тайынша қаласынлда «Люксор» заманауи ойын-сауық орталығы ашылған. Кешенде тұрғындардың демалысын тиімді өткізуге бар жағдайлар жасалған. Мұнда қонақ үй, бильярд, караоке залы, балалар ойнайтын бөлмелер мен мейрамхана бар. Өзінің ерекше дизайны және көркемдігімен көз тартатын нысанда 50-ден астам адам жұмыспен қамтылып отыр. Ал Ақжар ауданындағы «Бекет» шаруа қожалығының қарамағында бүгіндері 1080 жылқы мен 1100-ден астам ірі қара мал бар. Әзірге, мұнда тәуілігіне 70 сиыр сауылады. Келешекте кәсіпкер өнім көлемін өсіріп, сүт цехының қуаттылығын арттырмақ.

Марат Шәпенов – «Бекет» ФШ басшысы, Ақжар ауданы:

– Қазір қондырғылар әкелді. Оларды орнатып, алдағы уақытта жұмыс істейтін боламыз.

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов шаруашылықтың тыныс-тіршілігімен танысып, мал санын көбейту қажеттігін айтты.

– Қазір 70 сиыр сауылады. Күніне 2 тонна сүт аламыз.

-Қайда сауасыңдар?

– Жақын жерде фермамыз бар. Сонда сауамыз.

Кейін өңір жетекшісі жергілікті аграрийлермен кездесті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Сүтке сұраныс бар. Ауылда екі шаруашылықпен де айналысу қажет. Бізде облыста 100 мың адам жұмыссыз. Бұл мәселені шешу үшін мал санын көбейту қажет. Сонда ғана жұмыс болады. Азаматтарымыздың еңбекпен қамтылуын ойлауымыз керек.

Ақжар ауданында 34 серіктестік пен 218 шаруа қожалығы бар. Сонның 53-і мал шаруашылығымен айналысады. Биыл ақжарлықтар ірі қара санын көбейтіп, егістік аумағын кеңейтуді жоспарлауда.

Әбдіжапар Қиманов – Ақжар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– 5 жарым мың мал бар. 31 мыңға егістік аумағын кеңейттік. Жанар-жағармай жеткілікті.

Айта кеткен жөн, биыл Ақжар ауданындағы Ленинградское ауылдық округіне Қазақстанның оңтүстігінен 5 отбасы қоныстанбақ. Жергілікті шаруашылықтағылар, бұл азаматтарға баспана салып, еңбекпен қамту мәселесін шешуге ат салыспақ. Ақжар ауданы диқандарының жоспары ауқымды. Биыл «Каппес» жеке кәсіпкерлігі аралас жем-азық шығаратын цехты іске қосты. Әзірге, кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 300 келі шамасында. Болашақта шағын зауыттың өнімділігін тәулігіне 3 тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Кейін өңір жетекшісі Ақжар ауданының орталығы Талшық ауылындағы элеватордың жұмысымен танысты. Оның сыйымдылығы 209 мың тонна. Биыл мұнда 4 кептіру қондырғысы жұмыс істемек. Ал, Уәлиханов ауданында Құмар Ақсақалов былтыр іске қосылған «Северная Нива» серіктестігінің астық қабылдау пунктіне ат басын бұрды. 2016 жылы аудан шаруашылықтары мұнда 27 мың тонна астық жеткізіпті. Кептірілген өнім Тәжікстан мен Ресей елдеріне экспортталады.

Эскирхан Бибулатов – «Северная Нива» ЖШС құрытлайшысы, Уәлиханов ауданы:

– Биыл астықты Түркия мен Мысыр елдеріне саудаламақпыз. Диірмен салу жоспарда жоқ. Болашақта май зауытының құрылысын бастағымыз келеді.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біздің өңірде 712 мың гектар жерге майлы дақылдар егіледі. Оны өңдеуге де зауыттар қажет. Ең бастысы сұраныс бар. Мемлекеттен қолдау беріледі. Ең бастысы жоспарлағанымызды іске асыру қажет.

Серікестік басшылығы алдағы уақытта элеватор сыйымдылығын 60 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Сергей Гусельников – «Северная Нива» ЖШС директоры, Уәлиханов ауданы:

– Биыл 31 мың тоннаға жуық астық қабылдадық. Жыл бойы жергілікті шаруашылықтарға дәнді дақылдарды сақтау мен одан басқа түрлі қызметтер көрсетілді. Қазір аумағымызда вагондар тұр. Күніне 1 мың тоннаға жуық өнімді қажетті жерге жөнелтеміз. Сағатына кәсіпорында 100 тонна астық кептіріледі. Серіктестігіміз үздіксіз жұмыс істеп тұр.

«Северная Нива» серіктестігінде болған облыс әкімі жергілікті аграрийлермен тілдесті. Құмар Ақсақалов бүгінде ет пен сүтке сұраныс бар екендігін атап өтті.

Кенжебай Қашаев – «Юнайт Инвест» ЖШС директоры, Уәлиханов ауданы:

– Дайындық жақсы. Семенамыз бар. Дизтопливо бар. Субсидиялар бөлінеді.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Осы жылдан бастап элита да субсидияланады. Оның да бағасы төмендейді. Өзіміздің опытный станцияларда 11 мың тонна тұқым жасалады. Ол элита өз ғылымымызды пайдалануымыз керек.

«Жолдасбай Агро» серіктестігінің қарамағында 1 мыңға жуық ангус тұқымдас ірі қара мал бар. Биыл тайыншалар төлдеп, 342 бұзау әкелді. Құмар Ақсақалов ауылды жерде мал шаруашылығын дамытудың арқасында қосымша жұмыс орындарын ашуға болатынын атап өтті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

–  Адамдарға қандай жұмыс қажет. Ауылда малмен айналысу қажет. Сүт ет те болады. Жалақылары да жақсы.

Сүйіндік Жолдасбаев – «Жолдасбай агро » ФШ басшысы:

– Біз биыл студенттерді алып жалақы төлеп тәжірибелерінен өткіземіз.

Серіктестіктің асылтұқымды мал репродукторында 20 адам еңбек етеді. Олардың орташа жалақысы 90 мың теңге шамасында. Шаруашылықтағылар ангус сиырларының тағы 100 – ін сатып алуды жоспарлар отыр.

Мағжан Ахмадина