Қоғам

ҰОС-ның ардагерлеріне көрсетілетін материалдық көмек еселенді

Павел Афанасьев – қалалық мәслихаттың депутаты:


–  Өкінішке қарай, жыл санап ардагерлер қатары азайып барады. Бүгінде Петропавлда 102 ҰОС ардагерлері мен мүгедектері өмір сүреді. Олардың арасында 79-ы өзінің отбасысымен бірге, 23-і жалғыз тұрады. Жыл басынан бері 8 қария қайтыс болды. Біз оларды құрметтеп, сыйлауымыз қажет.

Тағы айта кететін жәйт, тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмайды. Барлығы майдан үшін күн-түн демей Жеңіске үлесін қосқан жандар 5 АЕК көлемінде сыйақы алмақ. Бүгінде шаһарда 4650 тыл еңбеккері тұрады. Бірақ, бұл қаржыны олардың арасында медальмен марапатталғандар ғана ала алады екен.

Гүлмира Жәкенқызы – Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы:


–  Жыл басынан тағы бір өзгеріс енгізілді. Коммуналдық қызметтерді өтеуге қарияларға 2 АЕК қаражат ай сайын аударылып отырады.

Жыл өткен сайын соғыс куәгерлерінің қатары сиреп барады. Оларға құрмет көрсету – жас ұрпақтың қасиетті парызы.

 

Риат Шони