Билік

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Қызылжар ауданында болды

Дмитрий Шарапаев – «Радуга» ЖШС бас директоры:


– 2016 жылмен салыстырғанда биыл өндіріс көлемін 100 пайызға дейін арттырдық. Былтыр бір айдың ішінде 80 млн теңгенің тауарын шығардық. Биыл бұл сома 130 млн теңгеге дейін жетті.

Өңір жетекшісі алдымен темірден жасалатын бұйымдар цехын аралады. Кейін, полиэтилен пакеттерін әзірлеу үрдісімен танысты. Басты шикізат көзі – қатты қалдықтар. Олар заманауи құрылғылар көмегімен тазаланып, түйіршік материалға айналады. Қалдықтар зауытқа еліміздің барлық өңірінен жеткізіледі. Серіктестік жетекшісі облыс әкіміне алдағы жоспарлары жайлы айтып берді.

Дмитрий Шарапаев: «Радуга» ЖШС бас директоры:

– Тамыз айында Петропавлда шикізатты қабылдап-өңдейтін цех ашуды жоспарлап отырмыз. Онда 6 желі қоқысты тазартып, түйіршіктейді. Әзірге, мұнда 1 желі жұмыс істеп тұр.

Қазірдің өзінде Бескөлдегі зауытта айына 100 тонна өнім шығарылады. Ал, жаңа цех ашылса бұл көрсеткіш 300 тоннаға дейін жетпек. Өңір жетекішсі пластмасса бұйымдарын жасайтын цехке бас сұқты. Мұнда қытайлық қондырғылардың көмегімен ыдыс-аяқ, киім-ілгіш, сынды үй қажеттіліктері дайындалады. Мұның барлығы жыл сайынғы мемлекет қолдауының арқасында іске асуда.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Елбасы тапсырмасына сәйкес «Қазақстан-2050» стратегиясында шағын және орта бизнесті дамыту қажеттігі айтылған. Бұл ретте, «Радуга» серіктестігі дұрыс бағыт алып, алға басып келе жатыр. Мемлекеттің механизмдерін пайдаланып, өндірісін жүйелі түрде жүргізіп отыр. Үкімет қаржысын тиімді қолданып, жыл сайын қазынаға қажетті салықты төлейді. Нұрсұлтан Назарбаев экономикадағы бизнестің үлесі 50 пайызды құрауы тиіс екенін айтты. Өндіріс саласын көтеру керекпіз. Сонда облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарады.

Ал мынау – полиэитлен пакеттер өндірілетін цех. Мұндағы тауарлар елімізден бөлек Ресейдің – Челябі, Қорған, Түмен және Омбы облыстарында саудаланады. Мәселен былтырғы жылы экспортқа шамамен 157 тонна өнім шығарылған. Қызылжар ауданындағы кәсіпорындардың мүмкіндіктері анрайы көрмеге жайғастырылыпты. Мұнда сүт, жұмыртқа, жартылай фабрикаттар мен қайта өңдеу өнеркәсібінің өнімдері қойылды. Үй жануарларына арналған жем-азық та бар. Сондай-ақ, оңтайлы сәтті пайдаланған қызылжарлық кәсіпкерлер аймақ жетекшісіне ауылдағы бизнестің жайын баян етті.

Сермұхамет Оралұлы – «Ахмутдинов» ЖК директоры:

– Біз пилеттер шығарымыз. Қазақстан бойынша саудалаймыз. Бағасы.

Кейін Құмар Ақсақалов «Молсервис» серіктестігіне бас сұқты.

Сергей Чепурко – «Молсервис» ЖШС директоры:


– Біз өңіріміздің 4 ауданы мен Ақмола облысынан сүтті сатып аламыз. Кейін шикізатты тиісті талаптарға сай өңдеп, өнімнің 5 түрін жасаймыз.

Кәсіпорын тәулігіне 17,2 тонна, жылына 4 мың тонна сүт өнінмелін өндіреді. Көктем мен жазда ауылдардан жеткізілген сүт өңделсе, қыста шикізат ретінде құрғақ сүт қолданылады.

Облыс әкімі Қызылжар ауданының аграрийлерімен де тілдесті.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

– Біздің жеріміз құнарлы. Егін егіп, мал шаруашылығын дамытуға қолайлы. Сондықтан, алқаптарымызды тиімді пайдалануымыз керек. Қайта өңдеу мен өндіріс кәсіпорындары толық қуатпен жұмыс істесе, ауыл да көркейеді. Экономикамыз да көтеріледі. Облыста еттің 20 пайызын, сүттің 48 пайызын өңдейміз. Бұл аздық етеді. Барлық зауыттарымызды шикізатпен қамтуымыз қажет. Сонда ғана жалақымыз да өседі. Еңбекпен қамту мәселесі де шешіледі.

Өңір жетекшісі Қызылжар ауданына жұмыс сапарының соңында ауыл ақсақалдарымен жүздесті.

Айгерим Ержанова