Қоғам

Сәуірдің 16-сы – христиандардың Пасха мейрамы басталмақ

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Бұл мерекеде біз бір-бірімізге “Иса пайғамбар қайта дүниеге келді” деп айтамыз. Менің ойымша, біз аталған мейрамды өлім мен зұлымдықты жеңудің символы ретінде түсінуіміз керек.

Сондай-ақ, бұл мейрамның тағы бір дәстүрлі салты бар. Ол – жұмыртқа бояу.

Владимир – Петропавл және Булаев епархиясының епископы:

– Бұл дәстүр аңыз бойынша Мария Магдалинаның императорға жұмыртқа сыйлағанынан басталған. Бірақ, Тиберияның императоры жұмыртқаны қолға алаған кезде ол қызыл түске боялыпты. Сол уақыттан бері христиандар Пасхада жұмыртқаны түрлендіріп бояйтын болған.

Биыл Қасиетті Пасха мерекесі сәуір айының 16-нда басталмақ. Оны атап өту үшін православ және католик сеніміндегі азаматтар түн жарымда шіркеуге барып, құдайға құлшылық жасайды. Аталмыш мейрам 40 күнге созылмақ.

Айгерим Ержанова