ТЖ

Петропавлда тілсіз жау екі бірдей баспананың күлін көкке ұшырды

куәгер:


–  Тұрғын үй иесінің зайыбымен далада әңгімелесіп тұрғанмын. Кенеттен ол шатырының төбесінен түтін шығып жатқанын байқап қалды. Кейін өрт сөндірушілерді шақыртты. Мен балалар мен құжаттарды алып баспанадан кетіңдер дедім. Көршілері барлығы жабылып өртті сөндіруге кірісті.

Дана Розбах – куәгер:

– 30 минут бұрын үйлердің бірінен көк түтін шығып жатқанын көрдім. Далаға шықсам, өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем қызметкерлері келіп, жүгіріп жүр. Бұл үйде бір жанұя тұратын. Бірақ, оларды аса тани қоймаймын.

Кейін анықталғандай өрт ең әуелі мына бір сарайдан шыққан. Жергілікті тұрғындардың айтуынша бұнда іскер жігіт пластикалық әйнектерді сатумен айналысқан екен. Бұдан соң қызыл жалын күшейіп, желдің әсерімен көрші тұрған баспанаға ауысыпты.

Баспана иелерінің бұл тұрғын үйге көшіп келгеніне бір апта ғана болыпты. Тілсіз жау бұл нысанды да аямады. Күлін көкке ұшырды. Өрттің күштілігі соншалықты, мамандар жанталасып, қатар тұрған басқа да нысандардың жанып кетпеуін алдын алуда.

Жарты сағаттан аса уақыт ішінде өрт сөндірушілер қызыл жалынды толығымен ауыздықтады. Алайда, қос нысан түгелімен жанып кетті. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.

Серік Наурызбаев – СҚО ТЖД төтенше жағдайды жою бөлімінің бас маманы:

– Қызыл жалын 30 шаршы метр аумақты шарпыды. Оның тез тарауына бірден-бір себепкер қатты жел, газ балонының жарылуы мен үйлердің тығыз орналасуы. Өртті сөндіруде 6 бірлік техника мен жеке құрамның 35 адамы жұмылдырылды. Оттың шығу себебі анықталу үстенде. Келтірілген шығын да есептелініп жатыр.

Айта кету қажет, өрт сөндірушілер қызыл жалынның ішінен өзге 3 газ және 1 оттегі баллонын дер кезінде сыртқа алып шығыпты.

 

Риат Шони