Қоғам

Аққайың ауданының активі Елбасы мақаласындағы ойларға үн қосты

Дамыған 30 елдің қатарына қосылу бағытын ұстанған біз үшін ол өзгерістер маңызды. Қазіргі таңда Елбасы экономиканы ғана емес, сонымен қатар тұтас қоғамның сана-сезімін жаңғырту керек деп есептейді. Сөйткен жағдайда ғана мемлекетіміз терезесін өзгелермен теңестіре алады. Ұлт көшбасшысының бұл ойымен Аққайың ауданының активі толығымен келіседі.

Дәурен Байтөлешов – Аққайың ауданының әкімі:

– Елбасы дұрыс айтады. Біз заман ағымынан ілесе жүріп, өзіміздің біртектілігіміз бен ұлттық келбетімізді, дәстүрімізді сақтап қалуға тиістіміз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз, жұмыс, тұрмыс, баспана барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек. Бүгінде экономикасы көштен ілгері кеткен жапондар мен қытайлардан үлгі алуға тиістіміз. Олар өзгелердің озық тәжірибелерін бойларына сіңіре алды.

Білімді – мыңды жығады деген сөз бүгін де өзектілігін жоғалтақан жоқ. Елбасы тұрғындарды бәсекеге қабілетті болуға шақырады. Ол үшін бірнеше жобаларын да ұсынып отыр. 2025 жылдан бастап еліміз латын әліпбиіне көшеді. Астрахан орта мектебінің мұғалімі Айым Камырова бұл өзгеріске де біз қазірден бастап дайын болуымыз керек дейді.

Айым Камырова – Астрахан орта мектебінің мұғалімі, Аққайың ауданы:

– Латын әліпбиі бізге таңсық емес. Бұл ғаріп елімізде 1929 жылдан бастап 1940 жылға дейін қолданыста болған. Сондықтан бұл өзгеріс біз үшін аса қиындық тудырмайды деп есептеймін.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы өз мақаласында табиғат байлығын тиімді пайдалану, ысырапшылдыққа жол бермеу туралы біраз ойларын айтты. Осы жөнінде де аудан тұрғындары пікір алмасты.

Берік Қасен