ТЖ

Тәулік ішінде Сергеев су торабының деңгейі 15 см көтерілді

“Әзірге, ол жерде көлік қозғалысы шектетілген жоқ. Жолға ескерту белгісі қойылып, тәртіп сақшылары мен жергілікті билік өкілдері кезекшілік етуде. Соңғы күндері Тайынша ауданына қарасты Краматоровка және Макеевка елді мекендері арасындағы трассаны басқан тасқын тартылуда. Қазір уақытта ауылдарды қар суының басу қауіпі жоқ”- деп хабарлайды облыстық ТЖД.

Тағы, аталған мамандардың мәліметінше Петропавлда өткен тәулікте 9 мың кубтан аса су арнайы машина және мотопомпа көмегімен сорылған. Мұндай жұмыстар аймақтағы елді мекендер де жүргізілуде. Қазіргі таңда 15 ауылға енген шамамен 38 мың куб метр су сыртқа шығарылыпты. Мамандардың айтуына қарағанда бүгінде Сергеев су торабы 98,3% толып тұр. Ондағы қызыл су 24 сағат ішінде 15 см көтеріліпті. Енді, ернеуінен асуға небәрі 18 см қалып отыр. Ал, Петропавл су қоймасының деңгейі 95% жеткен.

Култанов Байболат