Ауыл шаруашылығы

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен М.Жұмабаев ауданында болды

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жергілікті малдар тым ұсақталып кеткен әрі ет пен сүтті аз береді. Биылдан бастап жергілікті бұқаларды піштіру керек. Асыл тұқымды репродукторлар өңірде мал басын асылдандыру үшін құрылған. Ендеше біз осы міндетті алға тартып, тұрғындарға асыл тұқымды малдарды сатып алу үшін барынша оңтайлы жағдай жасау керекпіз. Ауылды жерлердегі табындарда асыл тұқымды ірі қара басы көбейсе бұл тұрғындарға да жақсы. Олар сүт пен етті мол алып, өнімді зауыттарға тапсырып пайдаға кенеледі.

Жайылымда жүрген әр табында кем дегенде бір асыл тұқымды бұқадан болуы тиіс. Аймақ басшысы орынбасары Айдарбек Сапаров пен жауапты мекеме басшыларына осындай тапсырма жүктеді.

Айдарбек Сапаров – облыс әкімінің бірінші орынбасары:

– Барлық елдімекен бірдей асыл тұқымды ірі қарамен әзірге қамтылмады. Бұл бағытта жұмыстар атқарылуда. Қазір ауылдық округтерде кооперативтер құрылып жатыр. Келешекте 30 бас сиыры бар табындарда міндетті түрде бір асыл тұқымды бұқадан болады.

Жыл сайын үздіксіз малдың өнімділігін көтеру шаруаларын жүргізіп тұру маңызды. Ол ғалымдардың көмегінсіз болмайды. Бүгінде Нұрсенагро серкітсетігі Ресей ғалымдарымен тығыз жұмыс жасайды. Мал салмақ қосып, сүтті молырақ беру үшін оларға құнарлы жем-азық керек. Осы орайда Құмар Ақсақалов облысымызда құрамажем дайындайтын зауыт бар ма деп сұрады.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз мал шаруашылығын дамытуды мықтап қолға алдық. Сондықтан өңірде құрамажем (комбикорм) әзірлейтін ірі зауыт болуы керек. Аталмыш жобаны жүзеге асыратын инвесторға қаржылай және материалдық тұрғыдан барынша жағдайын жасап, зауыттың тоқтаусыз жұмыс істеуіне кепілдік береміз. Дәрумендерге бай жем-азықсыз жақсы өнім алу мүмкін емес.

“НұрСенАгро” компаниясы барлығы 460 бас симментал сиырынан күніне 6 тонна ақ алады. Шикізатты танкерде салқындатып, сүт өңдейтін зауыттарға жөнелтеді.

Қанат Сыздықов – “НұрСенАгро” ЖШС директоры:

– 2011 жылы Германиядан 430 мас семинтал тұқымын, былтыр Алтай өлкеснен 250 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алдық. Бүгінде малдың басы 2 мыңға жетті. Асыл тұқымды ірі қараларды тұрғындарға, шаруашылықтарға сатамыз. Жылда мемлекеттен субсидия түрінде қомақты қаражат алып тұрамыз. Былтыр 100 млн теңге бөлінді. Ол қаражат кәсіпорын шығындарын азайтуға, селекциялық жұмыстарға және жем-азық алуға жұмсалады.

Мемлекерт қолдауының арқасында мал кешенін одан әрі дамытуға мүмкіндік бар. Биыл “НұрСенАгро” серктістігі 400 басқа арналған заманауи жабдықтармен жарақталған үлкен қора тұрғызбақшы.

Ауыл шаруашылығына білікті мамандар қажет. Құмар Ақсақалов осы күні Булаево қаласындағы Кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжіне соғып, онда оқып жүрген студенттерді сөзге тартты. Ауыл шаруашылығына біліктілігі жоғары, сандық технологияны меңгерген мамандар қажет екендігін айтты. Жастарға зор үміт артатындығын жеткізді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жұмысшы мамандығын меңгерген адам далада қалмайды. Қай жерде болса да нанын тауып жей алады. Бастысы, оның біліктілігі, еңбекқорлығы мен таудай талабы жоғары болуы тиіс. Қазір заманауи тракторларды басқару оңай емес. Бізге техниканың тілін жақсы білетін мамандар өте қажет.

Аймақ басышы осындай құрылғыларды шетелден тасымай, өзіміздің Киров атындағы зауытында құрастыруға болатынын айтты. Және ауыл шаруашылығы техникаларын басқаруға арналған компюьтерлік бағдарламаларды әзірлеу қажет деді. Бүгінде әр студент ай сайын 16 800 теңге стипендия алып тұрады. Олаға жатақханадан орын бөлінген.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен сұхбаттасып, М.Жұмабаев ауданында өндірілетін азық-түрлік түрлерін көрді.

Осы күні аймақ басшысы “Нұр Отан” партиясы М.Жұмабаев аудандық филиалында қоғам белсенділерімен жүздесіп, дөңгелек үстел басында әңгіме дүкен құрды. Құмар Ақсақалов Авангард селолық округіне қарасты ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Шариповті алғыс хатын табыс етті.

Берік Қасен