Билік

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов Аққайың ауданының тұрғындарымен жүздесті

Александр Топченко -“Сапро-НАТ” ЖШС директоры:

– Ауаға зиянды қалдықтар таратпайды. Бұрындары Астрахан орта мектебі жыл сайын қоршаған ортаға 700 мың теңге эмиссия төлесе, биыл оған жұмсалатын қаражат мөлшері 10 есеге қысқарды. Сондай-ақ, қазір
көмір анағұрлым аз жағылатын болды.

Облыс әкімін Құмар Ақсақалов жоба жетекшілеріне заманауи агрегаттарды өзге де өңірлер мен шетел нарықтарына өткізуге көмек беретіндігін айтты. Алдағы уақытта осындай агрегаттар өңірдегі әр мектепке орнатылса, сәйкесінше пеш жағушылардың саны 4 тен 1-ге қысқартылады. Аймақ басшысы қысқартуға іліккен жұмыссыларды қайта даярлау курстарына жіберіп, басқа мамандық беру керек деді. Осы жазда “Сапро-НАТ” компаниясы өнімдерін ЭКСПО халықаралық көрмесінде көпшілік назарына ұсынбақшы. Мемлекет қазандықтарды толығымен сатып алуға кепілдік берсе, “Сапро-НАТ” серіктестігі жылына 200 агрегат шығаруды жоспарлауда. Бүгінде облыс бойынша 19 қазандық мекемелерге орнатылыпты.

Аль-Таир Сыздықов – “Сапро-Нат” ЖШС бас директоры:

– Мектептер мен ауруханаларға, мәдениет үйлерін осындай модульдік қазандықтармен жылытуға болады. Жалпы коммуналдық және муниципалдық мекемелердің барлығын заманауи, жоғары технологиялық модульдік қазандықтармен қамтуға болады. Осылайша, жылыту маусымына жергілікті бюджеттерден бөлінетін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік бар. Агрегатты компания өз қаражаты есебіне орнатады.

Мал етін экспортқа шығаратын Аққайың ауданының кәсіпкерлері осы сою қосынының қызметін пайдаланады. Өйткені, малды бөлшектеуге қойылатын өзіндік талаптары бар. Бұл цехта 2012 жылдан бері 800 бас ірі қара бөлшектеліп, шетел нарығына жөнелтілген.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Біз стандартқа сәйкестендірілген арнайы қосындарда сойлыған малдың етін ғана экспортай аламыз. Нарық талабы сондай. Былтыр өңіріміз бар болғаны 755 тонна етті шетелге шығарды. Облысымызда мұндай цехтар өте аз. Сою қосындарын салғысы келетін азаматтарға біз көмек көмектесеміз. Мемлекеттің барлық жеңілдіктерін ұсынамыз. Сою орындарында міндетті түрде ветиринарлық зертханасы, мұздатқыш бөлмелері болуы тиіс. Арнайы құрылғылармен жабдықталуы керек. Стандартқа сай малдың омыртқа жотасы дұрыс тілінуі керек.

СҚО ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы малдан бөлек өсімдік шаруашылығымен айналысады. Кәсіпорын мамандары шетелден әкелінген тұқымдарды жергілікті жерге бейімдейді. Дәнді-бұршақты, майлы дақылдар мен көп жылдық шөптердің жаңа сұрыптарын шығарады. Биыл облыстық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы 3 800 тонна элиталы тұқым дайындапты. Бірақ бұл көлем аудан аграрийлерін сапалы материалмен қамту үшін аздық етеді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Тәжірибе станцияларында элиталық тұқымдарды көбірек өсіру керек. Бұл ұсынысты мен министрлікке жеткіземін. Сіздер де толғандыратын сұрақтарыңызды маған айтыңыздар.

Осы жерде аймақ басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Сіздерге мемлекет бар қолдауды жасап отыр. Сол үшін сіздер де халықтың қамын ойлауға тиіссіздер. Еңбеккерлерге маңдай терімен тапқан ақшасын аямай беріңдер.

Облыс бойынша орташа айлық 97 мың теңгені құрайды. Аймақ басшысы ел бойынша ең төменгі жалақыны теріскейліктер алатынын айтып, аграрийлерге еңбеккерлердің жалақысын көтеруді тапсырды. Және берілген жерді, мелекет ұсынып отырған жеңілдіктерді барынша тиімді пайдалануға кеңес берді.

Біржан Шәймерденов – “Дайындық” ЖШС директоры:

– Біз 5,6 млн теңгеге үй салып, оның бағасын 500 мың теңгеге дейін төмендетіп өз жұмысшыларымызға арзанға береміз. Балаларға балабақша салдық. Ауылға мәдениет үйін тұрғызып бердік.

Осы күні Құмар Ақсақалов аудандық, ауылдық округтердегі ардагерлер кеңесінің төрағаларымен жүздесті.

Берік Қасен