Қоғам

Облыс орталығында “Гүлдене бер, туған ел!” экологиялық акциясы бастау алды

Айбек Біләлов – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

– Сенбілікке шыққан себебім, қала тазаруына көмек көрсеткім келеді. Себебі, аз да болсын, көшеге шығып жұмыс істеу біз үшін үлкен қиындық тудырмайды. Алайда, қала үшін үлкен әсер туғызады деп есептеймін.

Бүгінгі шара “Гүлдене бер, туған ел!” ауқымды акциясының тек бастамасы ғана. Ұйымдастырушылар осылайша жастардың экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастыруға болады дейді.

Абылайхан Қайроллаев – «Жас Отан» ЖҚ Петропавл қалалық бөлімшесінің жетекшісі:

– Бүгін біз қаламыздың әдемі де келбетті жерлерін жинаудамыз. 0-33 Осындай акциялар жас ұрпаққа сабақ болады деген ойдамын. Қаламызды таза ұстауға ат салысуға барлық жастарды шақырамыз.

Жас Отан жастар қанатының ұйымдастыруымен өткізіліп отырған шараға 30-дан астам белсенді қатысып, қысқа уақытта бекітілген аумақтан жарты тоннадай қоқыс жинап шықты.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:

– Бұндай экологиялық акцияларды қала жастары жұма сайын өткізуді жоспарлап отыр. Сөйтіп, алдағы мерекелерге орай қаһарлы қыстан кейінгі қаламыз ажарлана түспек.

Эльмира Садвокасова