Мәдениет

Петропавлда Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

Тағы, Динара кеште Мұқағалидың “Аққулар ұйықтағанда” поэмасын оқымақ. Ол біртуар тұлғаның шығармашылығына ерекше қызығатын көрінеді.

Динара Қарбоз – Петропавл қалалық әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инспекторы:

– Өзім Мұқағали ақынның өлеңдерін сүйіп оқимын. Ана ретінде “Аққулар ұйықтағанда” поэмасы жаным жақын.

Бүгінгі байқауға түрлі саланың тұтқасын ұстаған жандар бақ сынауда. Олардың басым көпшілігін студенттер құрайды. Үміткерлердің арасынан М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледждің студенті Надежда Овсянникова ерекше көзге түсті. Қазақы ауылда өскен бойжеткен Мұхтар Әуезовтың “Жетім” әңгімесіндегі Қасымның сөздерін еш мүдірмей оқуда.

Көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Бұл кеште қатысушылар қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік кез-келген тұлғанын шығармашылығынан үзінді оқи алады. Ал, қазылар алқасы жерлестеріміздің өнерін белгілі бір талаптар бойынша бағалайды.

Алтынай Сыздықова – Петропавл қалалық әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Қатысушылардың жасы 17-29 аралығында болуы тиіс. Үміткерлердің дауыс ырғағына, сахнада өз-өздерін ұстау шеберліген мән береміз.

Кеш соңында жеңімпаздар анықталды. Көркемсөз оқу шеберлері диплом және алғыс хатпен марапатталды.

 

Култанов Байболат