МТРА жаңалықтары

Өңірде облыстық маңызға ие 5 автожол су астында қалды

Ал, Сергеевка су торабы тасыған жағдайда Есіл ауданының бірнеше ауылы зардап шегуі мүмкін. Оның ішінде Николаевка мен Петровка елді мекендері де бар. Бұл ретте қазір аудандарда су сорып алу жұмыстары қарқын алған. Бүгінге дейін ауылды аймақтардан 30 мың текше метрге жуық қызыл су шығарылыпты.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Наурыз аяғының соңынан бастап, өңірде күн жылынып, қар тез ери бастады. Осы орайда облыста су шығару жұмыстары жүргізілді. Қазір ешқандай қауіп жоқ.

Бүгінде еріген қар суының салдарынан облыстық маңызға ие 5 автожол мен Ғабит Мүсірепов ауданындағы бір көпір су астында қалған.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Ол жерден тек ауыр жүк көліктері еш кедергісізщ өте алады. Ал жеңіл көліктер айналма жолмен ғана жүреді.

Қазір қызыл сумен күресу үшін облысымызда 66 бірлік техника мен 500-ден астам құтқарушы даяр. Сонымен қатар, өңірімізге өзге аймақтардан қосымша тағы 8 бірлік техника мен 45 маман жіберілді.

Ерік Сарыбаев – СҚО ТЖД бастығының орынбасары:

– Қазір оларды Есіл, Аққайың және Тайынша аудандарына орналастырдық.

Жалпы биыл төтенше жағдай облысымыздағы 95 елді мекенде орын алуы мүмкін.

 

Айгерим Ержанова