Қайырымдылық

Облыстық қуыршақ театры екі қайырымдылық қойылымын өткізді

Сапар Мәпенов – Облыстық қуыршақ театрының актері:

– Бұл оқиғадан әрбір көрермен өзіне бір қорытынды шығарады деген ойдамын. Мен спектакльде баланың рөлін сомдаймын. Қойылым басында ол достарына бей-жай қарап, салқынқандылықты танытса, кейін достықтың қаншалықты маңызды екенін түсінеді.

Өмірлік сабақ алған бала өзінің жігерлігін танытып, достарына көмек қолын созады деген үміт әрбір көрерменнің жүрегінде ұялаған. Ғажайып оқиғаны бүгін облыстық қуыршақ театры көрермен назарына тағы бір мәрте ұсынбақ. Екі қойылымнан да түскен қаражат Диана Бейсенбаеваның еміне жұмсалады.

Наталья Жәнібекова – Облыстық қуыршақ театрының әдебиет бөлім меңгерушісі:

– Диананың жағдайын ести салысымен, бей-жай қалмауды шештік. Ұжымымызбен оған барынша көмек қолымызды созғымыз келеді. Тез жазылып, өзінің қатарластарының арасына оралуын қалаймыз.

Еске сала кетейік, 13 жасар Диана Бейсенбаева қатерлі ісік ауруына шалдыққан. Бүгінде ол анасымен бірге Мәскеу қаласына ота жасатуға аттанды. Алайда қажетті соманың барлығы әлі жиналмаған.

Райхан Сералина – Диана Бейсенбаеваның тәтесі:

– Диананың отасы мен оңалуына жалпы 6,5 млн теңге қажет. Бүгінгі күні оның 5 млн 600 мың теңгесі жиналды. Ақшаларды аударып, көмек көрсетуші жандарға алғысымды білдіремін.

Дианаға қаржылай көмек көрсеткісі келетін жандарға анасы Инеш Бейсенбаеваның реквизиттерін ұсынамыз.

Бейсенбаева Инеш Амантаевнаның реквизиттері:
жеке төлқұжатының № 036 240 684
ЖСН 700 214 450 062
тел: 8-778-150–48-18; 8 (962) 046-86-33
Халық банкі 4402 5735 0645 5163

Эльмира Садвакасова