Білім

12 сәуір – ғарышкерлер күні

50 балғынға халық қалаулылары, ардагерлер мен үздік түлектер “Жас гагариндер” ұйымына қабылданғанын растайтын галстукты байлап берді. Енді, кішкентай шәкірттерге жүктелген міндет – осы атқа сай болып, сабақтарын жақсы оқу.

Илья Тверитин, 1-ші сынып оқушысы:

– Мен Ю.Гагаринді тарихтан жақсы білемін. Өскенде ол сияқты ғарышкер болғым келеді. Бұл үшін тек беске оқуым керек.

Янита Ширковская,1-ші сынып оқушысы:

– Мен енді “Жас Гагариндер” ұйымының мүшесімін. Үлкен сыныптың оқушыларына қарап осындай галстукты мен де таққым келетін. Бүгін арманып орындалды.

Ғарышты алғаш бағындырған аңыз адамның атына берілген мектепте білім алатындарын мұндағы әр оқушы мақтан тұтады. 1961 жылы Ю.Гагарин айға ұшты. Дәл сол жылы бұл білім ошағы да балаларға есігін айқара ашқан.

Антонина Сачкова, Ю.Гагарин атындағы №14 орта мектептің директоры:

– 1961 жылы Ю.Гагаринге басшылық хат жазып, мектепке атыңызды берсек деп едік деп рұқсат сұраған. Бірден ғарышкерден оң жауабы жетіпті. Міне, сол уақыттан бері 56 жыл өтті. Бірақ, ол хаттар өрт кезінде сақталмай қалған. 12-сәуір – Ғарышкерлер күні, сонымен бірге біздің мектеп өз туған күнін атап өтеді. Оқушылар бұл датаны тағатсыздана күтеді.

Ю.Гагарин атындағы мектепте білім алатын оқушылар мерекеге орай ғарыш кемесін қолдан жасап, сурет байқауын да ұйымдастырған. Айға адам аяғы тиген 60-70 жылдары әр екінші баланың арманы косманавт болу еді. Бір қызығы, бұл мектепте банкир, бастық емес ғарышкер баламын деп арман қуған шәкірттер әлі де көп екен.


Акбопе Танирберген