МТРА жаңалықтары

Ресейлік ғалымдар солтүстікқазақстандықтарға жаңа жобаларын таныстырды

Александр Донченко – Ресей Ғылым академиясының академигі:

– Солтүстік Қазақстан – аграрлы аймақ. Сондықтан, жобалардың дені осы салаға бағытталған. Менің байқағанымдай, бұл өлкеде астық кептіретін үлкен кешендер жоқ екен. Біз бір мезетте 30-дан 100 тоннаға дейін бидай кептіруге қауқарлы техника және жерді дұрыс өңдеудің жаңартылған әдіс-тәсілдерін ұсынып отырмыз.

Екі жақты келісімнің арқасында солтүстікқазақстандық студенттер Ресейдің ЖОО-нда білім алып, тәжірибе алмаса алады. Бүгінге дейін Ресей Ғылым академиясының Сібір бөлімінде 13 солтүстікқазақстандық ғылым кандидаты, тағы 3-уі доктор атағын алған. Алдағы уақытта олардың қатары әлі де артпақ.
Айту керек, биыл М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-ндегі ауыл шаруашылығы кафедрасында тағы бір жаңа мамандық ашылмақ. Ол өсімдік шаруашылығымен байланысты болады деп жоспарлануда.

Мұхтар Бақтыбаев – М.Қозыбаев атындағы СҚМУ ауыл шаруашылығы кафедрасының оқытушысы:

– Қазір кафедрада 4 мамандық бар. Агрономия, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мен орман шаруашылығы бар. Қазір 218 студент білім алады. Сұраныс бар. Өте жоғары.

Енді ресейлік ғалымдар жобаларын облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа таныстыруды жоспарлап отыр.

 

Айгерим Ержанова