Құқық қорғау органдары

Бір күн ішінде полиция қызметкерлері 150-ден астам құқықбұзушыны ұстады

Наиль Абраев – “Жолаушыларды тасымалдау одағы” ҚБ жетекшісі:

– Біз бұндай рейдтерді жолаушыларды қауіпсіз тасымалдау үшін жүргіземіз. Яғни, жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын әрбір көлік техникалық байқаудан өтіп, жолаушыларды сақтандыру құжаттары болуы тиіс. Аталмыш шара барысында бірқатар жүргізушілерде бұндай құжаттардың жоқтығы анықталды.

Сондай-ақ, тексеріс барысында Мағжан Жұмабаев пен Сәбит Мұқанов көшелерінің қиылысында жолаушы тасымалдаған 47 жастағы жүргізуші ұсталды. Оның такси қызметін көрсету құқығын растайтын құжаттарының жоқтығы анықталған.

Жанат Сұлтанов – СҚО ІІД ЖПҚ жол-патрульдік батальон полициясы командирінің орынбасары:

– Бүгін жолаушыларды заңсыз тасымалдаумен айналысқан Петропавл тұрғыны ұсталды. Бұның салдарынан аталмыш тұлға әкімшілік жазаға тартылмақ.

“Құқықтық тәртіп” шарасының алғашқы күнінде жол-патрульдік батальон полициясының қызметкерлерімен 150-ден аса құқықбұзушы анықталды. Олардың қатарында көлікті басқару уақытында телефонмен сөйлескендер, жылдамдықты асырғандар мен мас күйінде рөлге отырған жүргізушілер де бар. Сондай-ақ, рейд барысында 98 жалға берілетін пәтер, 25 базар мен 30-ға жуық қараусыз қалған нысандар тексерістен өткен.

 

Эльмира Садвакасова