Ауыл шаруашылығы

СҚО-да жаздық дәнді дақылдар тұқымының 90 пайызы жарамды

Латифа Тапинова – “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” РММ Мамлют аудандық филиалының жетекшісі:

– Фитопатологиялық сараптама қорытындысы бойынша тұқымда гельминтоспориум, фузариум қоздырғыштары кездесті. Олар дәнді дақылдардың ісіп-өнуі кезінде тамыр шірігін тудырады.

Биыл өңір аграрийлері тұқымдыққа деп 465 мың тонна дәнді дақылдар тұқымын әзірлепті. Соның 35 пайызы фитопотологиялық сараптамадан өткізіліп, жерге сіңіруге жарамды деп танылған.

Азамат Молдахметов – “Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы” РММ СҚОФ бас агрономы:

– Тұқымды сақтау шарттарын бұзған жағдайда, альтернариум тұқымдас сапрофитті саңырауқұлақтар өніп шығу сапасын төмендетіп және зең туғызады.

Инфекциялар бидайда ғана емес, топырақ пен жанындағы өсімдіктерде де кездеседі. Сондықтан, өңір фитосанитарлары тұқымды 100 пайыз ауыл шаруашылығы препараттарымен залалсыздандырып, агротехникалық шараларды тиянақты өткізуге кеңес береді.

Берік Қасен