Спорт

“Авангард” хоккей құрамасы СҚО әкімінің кубогын еншіледі

Бірінші кезеңде қызылжарлықтардың асығы алшысынан түсті. Олар қарсыластарын 6-да 0 есебімен тізе бүктірді. Ал, келесі периодта ақ жейдедегі хокейшілер аққайындықтардың қақпасына 1-еу, соңғы 20 минуттықта тағы 3 шайба салды. Сонымен есеп 10-да 0. Осылайша Қызылжар ауданының жігіттері чемпионаттың қола жүлдесін жеңіп алды.

Александр Нелюбов – жарыстың бас төрешісі:

– Жарыс өткен жылдың желтоқсан айында басталған еді. Оған қатысуға 8 құрама ниет білдірді. Бүгін міне, финалда үздік атанған 4 құрама ойыншылары кездесіп отыр. Чемпионаттың ойындары Петропавлда және аудан орталықтарында өтті.

Ал, жарыс жеңімпаздары Петропавл қаласындағы “Авангард” хоккей құрамасы атанды. Олар финалдық сында Ғ.Мүсірепов ауданының спортшыларын 11-де 4 есебімен тізе бүктірген болатын. Жүлдегерді
облыс әкімінің орынбасары, хоккей федерациясының президенті Антон Федяев марапаттады.

Чемпиондар медаль, ақшалай жүлде және ауыспалы кубокка ие болды.

Владимир Василош – “Авангард” хоккей құрамасының капитаны, Петропавл қаласы:

– Өзімнің жасым 50-ге келеді. 7 жасымнан бастап хоккей ойнаймын. Командадағы жігіттермен көптеген жылдардан бері таныспыз. Қазір бұл жандар түрлі саланың тұтқасын ұстап отыр. Дегенмен, үнемі жиылып, хоккей ойнаймыз. Жаттығуды үзбейміз. Осымен бұл жарыста 3-ші рет жеңімпаз атандық.

Марапаттау рәсімінен соң жеңімпаздар естелікке суретке түсті.

 

Култанов Байболат