Мәдениет

Петропавлға Германиядағы ағайынды Гриммдердің көрмесі әкелінді

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:

– Қарша қыз, қасқыр мен 7 лақ, қызыл телпек. Әлемге әйгілі ағайынды Гриммдердің ертегілерін оқып өспеген бала Қазақстанда да кем де кем. Ал, бүгін петропавлдық ұл-қыздар үшін олардың әлемімен жақынырақ танысатын тамаша мүмкіндік туып тұр.

Катарина Рамезге анасы ес білгелі Якоб пен Вильгельм Гриммдердің ертегісін айтып береді екен. Кейін өзі де іздеп жүріп оқитын болған. Бүгін оның көзіне көрмеде тұрған “Қызыл телпек” ертегісі оттай басылды.

Катарина Ремез:

– Маған бұл кітаптың неміс тілінде жазылғаны көбірек ұнады. 7 қайтара оқыған шығармын. Меніңше автордың сезімдері мен түрлі әсерге бой алдыра отырып жазғанын аударма емес, түп нұсқасында оқығанда көбірек білінеді. Оның үстіне неміс тілі ерекше, басқа тілдерге ұқсамайды.

Ағайындылардың ертегілеріндегі кейіпкерлердің суреттері, түрлі анимациялар. Мұның барлығын әр ғасырда, әр елде түрлі танымал суретшілер салған. 100-ден артық ертегі кітаптары да тұр. Мұның барлығы елімізге 1959 жылы ашылған Гриммдердің Германиядағы музейінен жеткізілген. Көрме Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына 25 жыл толуына орай ұйымдасытырылған. Ал, мына шетте 19 ғасырда ең алғаш басылып шыққан кітаптардың түп нұсқасы тұр.

Марио Шёнфельд, Қазақстан бойынша шетелдегі мектептер ісі жөніндегі орталық ведомствоның үйлестірушісі:

– Ағайынды Гриммдер тек ертегі жинақтаумен айналыспаған. Олар негізінен тіл және ғылыммен айналысқан ғалымдар. Олар қазір біз еркін сөйлеп жүрген заманауи неміс тілін зерттеген. Көремеде, авторлардың жеке заттар мен қолжазбалары, үйлерінде түскен отбасылық суреттері де қойылған.

Петропавл – көрме өткізіліп отырған Қазақстандағы соңғы қала. Сондықтан шаһарда 5 ай бойы тұрақтайды. Бұл жергілікті бабалардың жазғы каникулында неміс ертігілерімен тегін сусындауына орайлы мүмкіндік.

Акбопе Танирберген