Денсаулық сақтау

Петропавлда сәуірдің 7-і мен 25-і аралығында Елатом құрылғылар зауытының көрмесі өтуде

Бұл – жыныстық мүшеге суық тиген кезде, простатит, 1-ші, 2-ші дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде таптырмайтын құрал. Оның көмегіне негізінен ер адамдар жүгінеді.Қолданудағы алдыңғы қатарда тұрған аппараттардың тағы бірі, ол – “Диамаг”.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– “Диамаг” аппараттының көмегімен магниттік өріс арқылы бас сақинасы ұстамасын емдеуге болады. Бірақ, оны балаларға қолдануға тыйым салынған. Қолданар алдында дәрігердің кеңесін білу қажет. Стационар жағдайында жарамдылық мерзімі – 5 жыл, ал үй жағдайында одан да ұзақ уақыт пайдалана беруге болады.

Емге шипа болар тағы бір құрал “Теплон” деп аталады. Оның үш деңгейлі берілетін жылуы мойын остеохандрозы, гайморит сынды дерттерге дауа бола алады. Теріскейліктер көптеп сатып алатын аппараттардың келесісі “Алмаг-01” болып табылады.

Батима Сайдалинова – Елатом құрылғылар зауытының менеджері:

– “Алмаг-01” – бұл физиотерапевтік аппарат. Негізнен буын, остеохандроз, остеоартроз, артрит ауруларында қолданылады. Қан қысымы көтерілген кезде де пайдалануға болады. Жүрек-қан тамырлары жүйесі, бронха, ішек-қарын жолы ауруларын емдеуге септеседі. Буыны сырқырап, мазасы кетіп жүрген адамдарға да пайдасы бар. Бұны кіші жастағы балаларға туғанынан бастап пайдалануға рұқсат. Тек аппаратты қолданар алдында ең алдымен міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажет.

Жалпы “Үй дәрігері” сериясымен шығатын 9 аппаратты теріскейліктер арзандатылған бағамен сәуірдің 7-і мен 25-і аралығында Қазақстан Конституциясы көшесі 2 мекен жайында орналасқан “Сердечная” дәріханасынан сатып ала алады. Айта кету қажет, бұл құрылғылардың құны мамыр айынан бастап қымбаттамақ.

 

Риат Шони