Қоғам

Петропавлда “Каблучок” хореографиялық ұжымдарының дәстүрлі фестивалі өтті

Ал, мына бүлдіршіндер – байқаудың ең жас қатысушылары. Кішкентай болса да олар өзге бишілерден қалыспады. Ақжарлық ұл-қыздар фестивальдің көркін маймылдар биімен қызыдыра түсті.

Ал, бескөлдік «Қызылжар» ұжымы мына жақта соңғы дайындықтарын пысықтап әлек. Өйткені, қыздар көрермендерді өз қимылдарымен ғана баурап алмай, оларға әр түрлі эмоция сыйламақ. Сахналық образдары да өнерлеріне сай етіліп жасалған. Бүгін олар «мимы» биін билемек.

Мейіргүл Нұржанова – «Қызылжар» ансамблінің мүшесі, Қызылжар ауданы:

– Біздің ұжым өте көңілді. Біз қатты дайцындалдық. Осы фестивальде біз 1-ші орын алуға тиістіміз.

Облыстық «Каблучок» байқауы биыл 35 ұжымның 500-ден астам өнерпазының басын біріктіріп отыр. Дәстүрге сай фестиваль екі кезеңмен өткізілді. Алғашқысында бишілер заманауи би билесе, екіншісінде ұлттық биде сыналды.

Ирина Колодаева – Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығы директорының орынбасары:

– Жеңімпаздарды анықтау кезінде ең алдымен олардың сахналық образдары мен шығармашылық шеберліктеріне мән беріледі. Сахнада өздерін ұстау мәдениетіне де ұпай қойылады. Бұл жерде хореографтың да жұмысы маңызды.

Сайыс соңында 9 бен 11, 12 мен 15 және 16 мен 20 жас аралығында әр аталымның үздік үштіктері анықталып, марапатқа ие болды.

 

Айгерим Ержанова