Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында 12 көліктің аккумуляторын ұрлаған баукеспелер ұсталды

Дархан Зияфиддин – Петропавл қалалық ІІБ бөлімшесінің бастығы:

– Машина аккумуляторын ұрлады деген күдікпен үш тұлға ұсталды. Олар Тимирязев және Мамлют аудандарының 18 бен 20 жастағы тұрғындары болып шықты. Үшеуі де студент.

Жедел іздестіру шаралары барысында қалалық ішкі істер басқармасының мамандары әлгі ұрланған 12 аккумуляторды студенттердің жалдап тұрып жатқан үйлерінен тауыпты. Өзгеден ұрлаған мүлікті күдіктілер сатпақшы болған. Қазіргі таңда үшеуі де уақытша ұстау оқшаулағышында отыр.

Күдікті:

– В каких районах кражи совершали?

– Район театра Погодина, завода Кирова.

– Как районы выбирали?

– Просто заходили?

– Там ведь видеокамеры установлены во дворах, вас это не смутило?

– Да нет. Ну, мы не видели камер.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Қолды болған аккумуляторлар көлік иелеріне қайтарылды. Алайда осыған ұқсас жағдайға тап болған өзге де жәбірленушілерден келіп түскен шағымдар азаяр емес. Осы тұста тәртіп сақшылары ұрланған бұйымды сатып алатын азаматтар да заң аясында қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады. Сондықтан қабылдау пунктінде отырғандар тауарды әкелушіге аса зер салғаны жөн.

Берік Қасен