Қоғам

Ұлттық сараптама орталығы қала базарларының бірінде акция өткізді

Айман Абылгазина – қала тұрғыны:

– Мамандардың қызмет көрсетуіне көңілім толды. Тез арада сынама өткізіп, балдың табиғилығын анықтап берді.

Акция аясында ұлттық сараптама орталығының лаборанттары азаматтарға сараптаманың 4 түрін ұсынды. Мамандар қолда бар аспаптардың көмегімен аздаған уақыттың ішінде тұтынушыларға қызмет көрсетті.

Арайлым Сатымова – “Ұлттық сараптама орталығы” ШЖҚ РМК СҚО бойынша филиалының пестицид токсигология бөлімшесінің маманы:

– Алдымен біз жеміс, көкөністерді жуып аламыз. Оларды үгітіп арнайы ерітіндімен араластырамыз. Кейін мына аспаппен оның нитрат мөлшерін білеміз.

Ұлттық сараптама орталығының мамандары азық-түліктен басқа киім-кешек, ойыншықтарға, топырақ пен суға да сараптама жасайды. Аталмыш орталық Мир көшесі 236 мекен жайында орналасқан.

Берік Қасен