МТРА жаңалықтары

СҚО-да биыл табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 50 факті анықталды

Владимир Вилков – аңшы:

– Соңғы 20-30 жылдың ішінде құстардың азайғанын байқауға болады. Тіпті, 20 есеге деуге болады. Сондықтан, көктемгі аңшылық маусымына уақытша тыйым салынғаны дұрыс. Өйткен, бұл – поппуляцияға да бір ықпалын тигізеді ғой. Өз басым соңғы 10 жыл шамасында тек күзгі аңшылыққа шығамын.

Аталған тыйымның флора мен фаунаға тигізер пайдасы мол. Әрі аңшылардың өзі үшін де тиімді болып шықты. Мәселен, бір рет құс атып қайту үшін олар шамамен 20 мың теңгеге шығындалатын. Бір оқтың өзі 200 теңге шамасында тұрады.

Юрий Ильюхин – аңшы:

– Аңшылықпен айналысқаныма 3 жыл болды. Бұл уақыт аралығында мен құстардың санының азайғанын байқадым. Бұған дейінгі аңшылықтарда үнемі олжамен қайтатынмын. Соңғы кезде ол да жоқ. Көктемгі құс ату маусымына уақытша шектеу салынғаны дұрыс. Бұдан аңшылар еш ұтылмайды. Мәселен, қазір мен құс атудың орнына балық аулауға барып тұрамын.

Дегенмен, облыста заңды аттап өткендер де кездесуде. Мәселен, көктем келісімен өңірде өрескел 4 бұзушылық анықталған. Олар Жамбыл, Айыртау және Мағжан Жұмабаев аудандарында орын алыпты.

Олег Беспалов – СҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

– Ағымдағы жылы өңір аудандарында табиғатты қорғау заңнамасын бұзуға қатысты бірнеше факті тіркелді. Оның ішінде елік, бұғы және қабан сынды тұяқтыларды ату бойынша. Осылайша жануарлар әлеміне облысымызда 1,5 млн теңгеге шығын келтірілді. Қазір аталған фактілер сотта қаралуда.

Жыл басталғалы мамандар 580 тексеріс жүргізіп, 50 заңбұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде өңір аңшыларына жалпы сомасы 400 мың теңге көлемнде айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Айгерим Ержанова