МТРА жаңалықтары

Құлағы керең жандарға ыммен сөйлесу мамандары мемлекеттік қызмет көрсетеді

Марал Даирова – “Азаматарға арналған үкімет” МК”КЕ АҚ СҚОФ – “ХҚКО” департаментінің Петропавл қалалық №1 бөлімі бөлімінің жетекшісі:

– Құлағының мүкісі бар жандармен арнайы операторлар жұмыс істейді. Олар қызмет алушымен онлайн режимінде тікелей байланысқа шығады. Сервис аптасына жеті күн, тәулік бойы үзіліссіз жұмыс істейді. Жыл басынан бері аталмыш жеңілдікті 3 жерлесіміз пайдаланған.

Қолы жұмыстан босамайтын жеке және заңды тұлғалар үшін тағы бір жағымды жаңалық бар. “Азаматтарға арналған үкімет” корпорациясы “Қазпочта” АҚ мен бірлесіп үйге дайын құжаттарды жеткізіп беру бойынша жаңа сервисті іске қосты.

Әсет Қайыржанов – “Азаматарға арналған үкімет” МК”КЕ АҚ СҚОФ – “ХҚКО” департаментінің Петропавл қалалық №1 бөлімі директорының орынбасары:

– Халықққа қызмет көрсету орталығында дайын болған құжаттарды Қазпошта қызметкерлері үйге жеткізіп береді. Бұл жеңілдікке қол жеткізу үшін клиент халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, өтініш жазуы керек. Және 500 теңге төлеуі тиіс. Бұдан басқа дайын құжаттарды үйге жеткізіп беру қызметіне де төлем жасайды. Аталмыш сервис қолы жұмыстан босамайтын азаматтарға арналған.

“ХҚКО” департаментінің Петропавл қалалық №1 бөліміне күніне 2 мыңға жуық адам келеді.

Берік Қасен