Спорт

Жергілікті “Барс” БК ел чемпионатынан жеңіспен оралды

Ал, соңғы екі жылда 23 жасар Максим Солтүстік Қазақстан облысының «Барс» БК-нда өнер көрсетуде. Нәтижесі де жаман емес. Екі маусымда да шабуылшы Жоғарғы лиганың үздік бес ойыншысының қатарына енген.

Максим Налогов – «Барс» БК орталық шабуылшысы:


–  18 жасымда мені Сәтбаев қаласының «Қазақмыс» БК-на шақырды. Шымкенттің «Қазығұрты» үшін де ойнадым. Қазір өзіміздің өңірдің атынан шығып жүрмін. Әрине, туған жеріңнің намысын қорғау бұл бір бөлек әңгіме. Біздің клуб мүшелері әлі жас. Сондықтан, дайындығымызды күшейтіп, жаттығуымыз керек. Алар асуымыз әлі алда деп ойлаймын.

Құрамада Максим Налоговтан өзге тағы 15 спортшы бар. Оның 5-уі – легионерлер. Биыл бұл жігіттер үздік команда екендерін дәлелдеп, ел біріншідігінде қола жүлдені қанжығаға байлады. Чемпионаттың жартылай финалында жерлестеріміз «Тигры Астаны» командасынан жеңіліс тауып, ақтық сында Атыраудың «Барсымен» 3-ші, 4-ші орын үшін бақ таластырды. Нәтижесінде солтүстікқазақстандықтар Жайық жағасынан келген спортшылардан жеңісті жұлып алды.

Михаил Дедов – «Барс» БК бас жаттықтырушысы:

– Бұл чемпионат 5 кезеңнен тұрды. Оның 2-уі 2016-шы жылдың соңында болса, қалған 3-уі биылғы жылдың басында өтті. Барлығы 11 команда қатысты. Солтүстікқазақстандықтар үздіктер қатарына чемпионаттың басынан енген болатын. Спортшыларымыз бір-ақ рет жеңіліс тапты. Десе де, қола жүлде де жас команда үшін жаман нәтиже емес.

Ендігі мақсат – күміс пен алтын медаль алып, бұдан да биік белестерге жету. Ол үшін спортшылар барын салып, дайындықтарын күшейтпек. Сонымен қатар, «Барс» БК-ның бас жаттықтырушысы Михаил Дедовтың айтуынша, қазан айында өтетін лигада лигионерлер саны біршама азаймақ. Яғни, басымдық жергілікті спортшыларға берілетін болады. Бұл өңіріміздегі баскетбол ойынының дамуына өз ықпалын тигізбек.

 

Айгерім Ержанова