МТРА жаңалықтары

Солтүстікқазақстандықтар Омбы қаласында өткен халықаралық фестивальден жүлделі оралды

Оксана Бондаренко – №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің “Хореографиялық өнер” әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:


– Сайысқа 3 түрлі аталым бойынша бірнеше би дайындадық. Біздің оқушылар 2-ші және 3-ші дәрежелі лауреат пен 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Фестивальдағы қазылар алқасының кәсіби деңгейі өте жоғары болды. Тіпті, бірінші дәрежелі лауреатқа ешкім лайықты деп танылмады. Сол себепті, біздің оқушыларымызды жеңімпаз деп те атауға болады.

9 жасар Руслан Тілеубергеннің бимен айналысып жүргеніне небәрі 1 жыл болыпты. Бұл – жас өнерпаздың халықаралық дәрежедегі алғашқы жетістігі. Ол 7-9 жас аралығындағы эстарадалық би аталымы бойынша сыныптастарымен бірге өнер көрсетіп, 2-ші дәрежелі лауреат атанған.

Руслан Тілеуберген – №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушысы:

– Біз жүлделі орынды иелену үшін бар күшімізді салдық. Қарсыластарымыз өте мықты болды. Еліміздің намысын халықаралық сайыста жоғары деңгейде қорғағанымызға өте қуаныштымын.

Бұдан басқа халықаралық сайысқа өнер ұжымдары орыс және украин халықтарының биін әзірлеген. Олардың барлығы қазылар алқасының тарапынан жоғары бағаға ие болды.

Алёна Колесникова – №8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешенінің оқушысы:

– Біз фестивальда орыс халықының биімен өнер көрсетіп, 3-ші дәрежелі лауреат атандық. Ұзақ дайындық пен қажымас еңбектің арқасында осындай жетістікке жеттік деп ойлаймын.

“Бұлақтар” би ансамблі ағымдағы жылдың қараша айында Ресейдің Мәскеу қаласында өтетін халықаралық сайысқа қатыспақ ниетте.

Эльмира Садвокасова