Спорт

Петропавлдық каратешілер Белорусь елінен жүлделі оралды

Сергей Кучерявый:


– Өте қиын болды. Екінші белдесуде жеңіліп қала жаздадым. Осымен екінші мәрте жеңіс тұғырынан көріндім. Бұған дейін мұндай алысқа шықпағанмын. Сондықтан, әкем бірге барды. Оның көзінше жеңіліп қалмауға тырысып, намысқа салдым. Нәтижесінде 35 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 4 қарсыласымды да жеңдім.

7 жасар Александр Солоненко да Сергейден кем түспеген. Ең кішкентай қатысушы қола медальді өңір құрамасының қанжығасына байлады. Буыны қата қоймаған спортшы алдағы күні бірінші орын алу үшін жатпай-тұрмай дайындаламын деп жұлқынып тұр.

Александр Солоненко:


– Мен қорыққан жоқпын. Бірінші кездесуде арықша келген, кішкентай бала жолықты. Оны жеңу оңай болды. Ал келесі қарсыласым мықты екен. Үшінші кездесуде жеңілдім. Кейін үшінші орынға таластым. Сөйтіп, қола алдым. Болашақта чемпион болғым келеді.

Сәуірдің бірінде Белорусь елінде өткен халықаралық турнирге Петропавлдан 8 каратэші атанған болатын. Олар бес бірдей медальді өзге елден келген қарсыластарының аузынан тартып әкелді. 300 каратэші қатысқан сында мұндай нәтиже көрсетудің оңайға сопағаны анық.

Евгений Дулов, кекушенкай каратэ бойынша СҚО бас жаттықтырушысы:

– Сайысқа түрлі салмақ дәрежесіндегі 8 спортшымыз қатысты. Нәтижесінде 2 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль бұйырды. Біздің құрама көзге түскендіктен, бұл турнирге келесі жылы да қатысуға шақырды. Сергейден бөлек тағы бір жеңіс тұғырынан көрінген шәкіртім – Денис Бухановский мамырдың 28-і Румынияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алды. Ал, Станислав Николоев күміс медаль тағынып келді.

Қазір жас спортшылар сәуірдің тоғызында Елордада өтетін ел біріншілігіне дайындықтарын пысықтауда.

Акбопе Танирберген