МТРА жаңалықтары

Петропавлда “Парасыз болашақ” облыстық форумы өтті

Елбасы ел ертеңі – жастардың қолында деп атап кетті. Ал, ел ертеңі жарқын болсын десе әр қыз-жігіт өзінің азаматтық борышын мүлтіксіз орындауы тиіс. Студент пара бермесе – жемқорлықтың жолын бегеудің алғашқы қадамы осы, деп атап кетті Ғалым Тұрсынбаев.

Ғалым Тұрсынбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


–  Жастар өздерінен бастаулары тиіс. Сессины жабу үшін ақш төлемесе, жол ережесін бұзып бара бермесе ешқандай да жемқор болмайды.

Бүгін ұзақ жыл бойына жұмысын мүлтіксіз атқарған үш бірдей мемлекеттік қызметші марапатталды. Оның бірі – Қызылжар ауданы әкімі аппаратының 20 жылдан бергі бөлім басшысы Гүлмира Жамахаева. Нәзіжанды ауданда мелекеттік қызмет атқаратын жастар көп, ал олар тәжірибесі көп мамандарға қарап бой түзейді дейді.

Гүлмира Жамахаева, Қызылжар ауданы әкімі аппаратының бөлім басшысы:

– 20 жыо мүлтікзсіз еңбек етіп келемін. Біз жастарға үлгі боламыз деген сенімдемін.

Біз жемқорлыққа қарсымыз. Бұл – бүгінгі қыз-жігіттердің ұраны. Олар парақорлықты – қоғамның індеті санайды. Мұндай ұстанымды ту еткен жастар да назардан тыс қалмады. Парақорлықтың жолын бөгеуде құрамына әр саладағы мыңдаған жастарды біріктірген “Жас Отан” ЖҚ-ның алар орны ерек.

Абылайхан Қайролла, “Жас Отан” ЖҚ Петропавл қалалық бөлімінің жетекшісі:

– Түрлі акциялар өткіздік. Былтыр үздік ұйым деп танылдық. Жасатр жемқорлықтың алдын алуда әлі де еңбектенеді.

Петропавлда жемқорлықтың алдын алу мақсатында мобильдік топ құрылған. Құрамында нұротандықтар, депуттар мен кәсіподақ мүшелері бар. Олар еңбек ұйымдары мен білім ошақтарына жиі барады. Облыс орталығында бастау алған шараны белсенділер эстафета арқылы Ақжар және Уәлиханов аудандарына табыстады.

Акбопе Танирберген