Аптадағы маңызды жаңалықтар

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов “Зенченко и К” КС-ің қауқарымен танысты

Новоникольское ауылында тұрғындардың көпшілігі салауатты өмір салтын ұстанады. Бұған дәлел биылғы жылдың басында ашылған спорт сарайы. Нысанның құрылысына “Зенченко и К” коммандиттік серіктестігі жеке қаражатынан 240 млн теңге жұмсаған. Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов тұрғындарға жасалған жағдайға оң бағасын берді. Спорт сарайының ішінде облыс әкімі ауылдаға ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, әңгімелесті.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


– Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері біріншіден пайдалы әрі тиімді жұмыс істеулері қажет. Сонымен қатар, тұрғындарға спорт пен айналысуға, сапалы білім, медициналық көмек алуларына жағдай жасауларына міндетті. Міне, сол себепті осындай әлеумметік маңызы бар нысандар болуы керек. “Зенченко и К” КС осы бағытты ұстанып отыр. Әрине, бұның барлығына қол жеткізу оңай емес, бірақ өзге де кәсіпкерлер үлгі алулары қажет.

Бұдан соң өңір жетекшісі Новоникольское ауылындағы мәдениет үйіне бас сұқты. Жуырда мұнда нысанға жапсарлас ғимарат салынып, кеңейтілген екен. Жалпы бұл жерде хареографиямен 45, вокалмен 60-қа жуық адам айналысады екен.

“Зенченко и К” КС ауыл шаруашылығымен айналысатын өңірдегі ірі агроқұрылымдардың бірі. Бұған дәлел мына мал шаруашлығы кешендері. Қара-шұбар сиырлар кезінде Балтық түбінен әкелінген ірі қаралармен будандастырылып, қазір өзгенің емес өзіміздің тұқымымызды алып отырмыз. Бұл мүйізділер шетелдіктерден кем түспейді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Бұл сиырлардан көп өнім ала алатынымыз өте маңызды. Міне, Геннадий Геннадиевич кәсіпорынның қауқары 52 мың тонна сүт өндіруге дейін жеткендігін айтып отыр. Бұл республикада осындай көлемде ақ алатын жалғыз шаруашылық болып отыр.

Сиырларды сауу автоматтандырылған. Бұл жұмыспен бар-жоғы үш адам айналысады. Олар 500 сиырды оңайлықпен сауады.
Ал бұл жаңа туған төлдер тұратын кешен. 200 басқа шақталған. Әр бұзаудың жеке үйшігі бар. Сонымен қатар қай күні туғандығы жайында ақпаратта ілінген. Оларды мына машина нормаға сай қоректендіреді. Ыдыстары да әрдайым жуылып, таза тұрады.
Бүгінде “Зенченко” маркасымен шығатын өнімді ел тұрғындары мен қатар шетелдіктерде таниды. Сұраныста артып жатқан көрінеді.

Геннадий Зенченко – “Зенченко и К” КС бас директоры, Қызылжар ауданы:

– Бүгінде Қоған облысынан бастап, Түмен, Омбы өңірлерімен қатар Магнитогорскіде өз нарықтарына шығуды сұрап отыр. Әзірге ол жаққа бас сұғып отырған жоқпыз. Өз нарығымызды қамтудамыз. Өндіріс көлемін 52 мың тоннадан 60-қа жеткізуді жоспарлап отырмыз.

“Зенечнко и К” КС-ің шаруа қожалығымен толыққанды танысқан аймақ басшысы Құмар Ақсақалов кәсіпкердің жұмысына көңілі толғандығын жеткізді.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:


–  Геннадий Геннадиевич өндірісті дамытуда үлкен істер атқаруда. Біз бүгін сүтке деген сұраныстың жоғары екендігін көрдік. Кәсіпкер қазіргі таңда 35 тонна ақты сатуға дайын. Бірақ, өнім әзірге жоқ. Сол себепті, Геннадий Геннадиевич өз кәсібін кеңейтуде. Бұл өте жақсы. Және ауыл шаруашылығымен айналысуды көздеп отырғандарға үлгі. Мемлекеттен қолдау бар. Алдағы уақытта біз осы бағытта жұмыс істейтін боламыз. Өңірде осындай мал шаруашлығы кешендерінің саны артуы қажет.

Биылғы жылы Қызылжар ауданы ауыл шаруашылығының жалпы өнімін 43 млн 183 мың теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

 

Риат Шони