Құқық қорғау органдары

Қала тұрғындары жол қозғалысын реттеушінің белгілерін түсінбейді

Бағдаршамның уақытша өшірілуіне байланысты бұл жерде жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері жол қозғалысын реттеуде. Бірақ маманның көрсететін ым-ишаратын кейбір жүргіншілер білмегендіктен жолдың арғы бетіне көліктермен бірге қарбаласып өтіп жатады.

-Если светофор не работает, вы знаете как перейти.


– Если честно нет. Мы всегда ходим как все пойдут, так и мы пойдем.


– Ориентируемся на машины и пешеходные переходы.


– Авообще то пока регулировщик стоит, ждем, пока он покажет в ту сторону идти или в ту сторону.

Дәл осы жерде тәртіп сақшылары жүргіншілерге реттеушінің көрсететін белгілерін түсіндірді.

Жанат Тілеулин – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары :


– Жаяу жүргіншілер жолдың арғы бетіне реттеуші маман қырымен тұрғанда өте алады. Егер екі қол төмен түсіріліп тұрса, онда жолды кесіп өтуге болмайды.

Реттеуші қолын жоғары көтеріп тұрған жағдайда жүргіншілерге орнынан қозғалуға болады. Жалпы қандай жағдай болмасын тұрғындар реттеуіштің бұйрығын орындауы қажет. Жыл басынан бері
өңірімізде 11 жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілердің кінәсінен болған. Рұқсат етілмеген жерден өткені үшін 1 600-ден астам адам әкімішілік жауапкершілікке тартылды.

Берік Қасен