Білім

Жаңа оқу жылына – жаңарған мазмұндағы оқулықпен

Ақбөпе Тәңірберген, тілші:


– Өзгеріске ұшыраған жаңа мектеп кітаптарының бүгінгі бейнесі осындай. Басты бір ерекшелігі – оқушыға ауыр болмас үшін бір пәннің оқулығы бірнеше бөлімге бөлініп шығарылған. Талапқа сай кітаптың саомағы 300 граммнан аспауы тиіс.

Петропавлдық мұғалімдердің зейіні ауған ерекшелік бұл ғана емес. Бүгін олар жаңа мазмұндағы оқулықтарды ортаға алып, электронды нұсқасын алдарына ашып қойып сараптауда. Нұргүл Балағанова қазақ-мектеп гимназиясында математика пәнінен сабақ береді. Ол жетекшілік ететін 5-ші сыныпта 28 бала бар. Оның 12-сі есеп дегенде тақтаға құлшына ұмтылса, 4-ке оқитын өзгелерін бұл пәнге қалай қызықтыру керек? Ұстаз бұл сұрағының жауабын оқулықтың өзгертілген нұсқасынан тапқан сияқты.

Нұргүл Балағанова, Қазақ мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі:

– Көрнекіліктері өте көп. Шығармашылық тапсырмалар қаншама. Бұл балапның ішін пыстырмайды. Керісінше көңілін аударады.

Тарих, қазақ тілі, физика. Еліміздегі 12 баспа ұйымы ұсынған 9 оқулықтың жаңа үлгісі – осы. Әр кітаптың жанында әдістемелік және қосымша құралы тағы бар. Бұл мұғалім үшін пайдалы. Әр тапсырмаға сай бағалау жолдары көрсетілген. Бірақ, тапсырмалар жыл өткен сайын күрделене түсуде. Бұл орайда ұстаздар әр кітапты жеке-жеке қарап, оқушының жасына қаншалықты сай екенін, берілген есеп пен жаттығуларды шешуге ойын баласының ойы қаншалықты жететініне назар салды. Оларға ұнағаны – логикалық және ойын түріндегі тапсырмалардың көп кездесуі. Жергілікті педагогтардың ұсыныстары мен ескертулері де Білім және ғылым министрлігіне жолданып, міндетті түрде ескерілетіні айтылды.

Гүлзат Әлжанова, “Өрлеу” БАҰО” АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ білім беру мазмұнын жаңарту бойынша жаттықтырушысы:


– Бүгін қала мектептерінің мұғалімдері жиылып осы тақырыпты талқыладық. Оқулықтардың мазмұнынынң өзгеруі бүгін де өзекті мәселе.

Жаңартылған мазмұндағы кітаптар ағымдағы жылдың қыркүйек айынан елізімдегі барлық мектептерге жөнелтіліп, оқушы қолына тимек. Әзірге, тәжірибе түрінде Қазақстандағы тек 30 оқу ошағында қолданыста. Оның қатарында М.Жұмабаев ауданындағы Сарытомар орта мектебі мен Петропавлдағы 16-шы орталау мектебі бар.

 

Ақбөпе Тәңірберген