Білім

Теріскейлік оқушы республикалық олимпиадада жеңіске жетті

Юлия Лагуткина – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Қарсыластарым өте мықты болды.02-55 Олимпиада дәстүрге сай екі кезеңнен тұрады.03-08Алғашқы кезеңде жазылым бойынша 3 тақырып болды. Олардың біреуін таңдап, жаһандық мәселелерді негізге ала отырып, эссе жазу керек еді.

Нәзікжанды қазақ тіліне деген қызығушылығын мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап көрсеткен. Абай оқулары мен түрлі олимпиадаларға қатысып, өз білімін шыңдай түсуге тырысқан. Юлияның қазақ тілін меңгеруі мен әдебиетіне деген сүйіспеншілігін Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері де бірден байқап, оған қолдау көрсетіпті.

Гүлдарай Қайнетова – Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:

– Юлия өзінің еңбекқорлығы, шығармашылығы мен білімімен осы жетістікке жетті. Ол бізге келгенде сауатты жаза алу, қазақ тілі мен әдебиеті, мәдениетіне байланысты көп мәліметтерді білуімен көзімізге түсті.

Өткен жылы Юлия дәл осы олимпиадан 3 орынды иеленген. Алайда, бұл жетістіктерімен тоқтамай, ол болашаққа жаңа мақсат қоюда.

 

Эльмира Садвокасова