Құқық қорғау органдары

Петропавл қаласының тұрғыны 11 келі марихуанамен ұсталды

Сейілхан Жұмагұлов – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

– Іздеу шаралары кезінде қолға түскен заңбұзушының туысының отын қорасынан спорттық сөмке табылды. Қолдорбаның ішінде 8 полиэтелен пакетке бөлініп салынған наша жасырынған екен. Оның салмағы 9 жарым келіден асады. Сонымен қатар, бұл азаматтың үйінен тағы 2 келі дәл осындай зиянды ұнтақ тәркіленді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Егер де қылмысы дәлелденсе, ол 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Тағы, Петропавлда «Допинг» алдын алу шарасының алғашқы кезеңінде полицейлер 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол марихуананы өзі жалға алған облыс орталығындағы азық-түлік дүкендерінің бірінде өткізген. Одан 600 граммнан аса есірткі тәркіленді.

Дәурен Оразалин – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі:

 

– Қазір бұл іске қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыскер 5 жылдан 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы, өңірде жыл басынан есірткіге қатысты 140-қа тарта құқық бұзушылық фактісі орын алған. Оның 25-і – зиянды ұнтақты сату бойынша. Тәртіп сақшылары заңсыз сауда айналымынан 20 келіден аса есірткі затын тәркілеген.

Байболат Құлтанов