МТРА жаңалықтары

Өңірімізде “Қайырымды ел” жалпыұлттық акциясы бастау алды

Камила Алпысова – жоба жетекшісі:


– Біз Соколовка арнайы түзету мектеп-интернатына барамыз. Ондағы тәрбиеленушілердің көңілдерін көтеріп, қызықты ойындар ойнатамыз. Кейін балаларға сыйлықтар мен тәтті-дәмділер сатып әпереміз. Қалған 3 мың теңгені жол шығындарына жұмсаймыз.

Осындай акцияларды өткізу арқылы ұйымдастырушылар қоғамның назарын жетімдер мен мүгедектерге аудартқысы келеді.

Күнсұлу Ілкенова – “Қоғамдық келісім” КММ бөлім жетекшісі:

– Бұл акция осымен екінші жыл өтуде. Биыл 2 жобаны жүзеге асырамыз. Жоба жетекшілеріне 30 мың теңгеден қажарат беріледі. Олар 2 аптаның ішінде жетім және мүгедек балаларға қажетті заттарын сатып әперуге тиісті.

Қайырымдылық шараға атсалысқандар екі аптадан кейін достық үйінде бас қосып, жобаны іске асыру кезінде кездескен мәселермен бөліседі.

Берік Қасен