МТРА жаңалықтары

Өңір зейнеткерлері ардагерлер қозғалысының 30 жылдық мерейтойына дайындық үстінде

Николай Куликов – еңбек ардагері, СҚО ардагерлер кеңесінің президиум мүшесі:

– Қазір мен ардагерлердің құқықтарын қорғаумен, олардың уақыттарының тиімді әрі пайдалы өтуімен айналысамын. Сонымен қатар, қариялардың әлеуметтік өмірінің жақсаруына да жауаптымыз. Жастарға патриоттық тәрбие беру де біздің міндетіміз.

Облыстық ардагерлер кеңесіне Николай Куликов 2010-шы жылы келген. Содан бері ол өңіріміздегі қоғамдық өмірге белсене қатысуда. Әріптестерінің айтуынша, Николай Федрович өте қарапайым әрі өз ісіне жауапты.

Аманжол Нұртаев – СҚО ардагерлер кеңесі ұйымдастыру-әдістемелік комиссиясының төрағасы:

– Николай Федоровичті 1994-ші жылдан бері танимын. Ол кезде мен Мамлют адунаы әкімінің орынбасары, ал ол Жамбыл ауданының әкімі болып істеген. Сол жақтан зейнетке шықтық. Кейін екеуіміз осы жерде тағы кездесіп, басымыз қосылып жатыр. 01:44-52/Ол кісінің жақсы бір қасиеті жұмысына адал. Жауапты адам.

Қазір өңірімізде 100 мыңнан астам зейнеткер бар. Бүгінде оның 80%-ы – облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.
Бүгінде ұйым қатарындағы қариялар ардагерлер қозғалысының 30 жылдық мерейтойына дайындық үстінде. Жақында «Даңқты жылдар шежіресі» деген мына кітаптың да тұсауы кесілмек. Мұнда өңір ардагерлері туралы толық ақпарат жинақталған.

 

Айгерім Ержанова