Энергетика

Петропавл 2-ЖЭО өткен жылы атқарылған жұмысы бойынша қоғамдық тыңдалым өткізілді

Соның арқасында бу қуаттылығы сағатына 420 тоннаға дейін артқан. Жоспарлы жаңғырту жұмыстарының арқасында қондырғылардың істен шығуы да азайған. Егер де бұл көрсеткіш 2009-шы жылы 89 пайыз болса, биыл 59-ға жетіп отыр.

Виктор Бармин – “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры:

– Былтыр біз жылу таратуда 1 млрд 100 млн шығынға ұшырадық. Бірақ, электрэнергиясында 6 млрд пайда таптық. Жалпы өткен жылы бізге 5,5 млрд кіріс түсті. Қазір осы қаражатқа 2015-ші жылы бастаған жұмыстарымызды аяқтап жатырмыз.

Айта кету қажет, “СЕВКАЗЭНЕРГО” компаниясы жылу энергиясы үшін соңғы рет тарифті 2016-шы жылдың жазында өсіріпті. Нәтижесінде қызмет құны 1 Гкал үшін 1798 теңгені құрады. Бағаның өсуіне бірден бір себеп, көмірдің қымбаттауы мен оны тасымалдау болып отыр. Мәселен, былтыр қара отынды сатып алу мен жеткізуге 2 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған. Ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 1 млн 900 мың теңгеге жуық болу керек еді. Сонымен қатар, Петропавл 2-Жылу Электро Орталығы қызметкерлерінің жалақысы көтерілген.
Кәсіпорын биылғы жылы жарық мен жылу өндірісі көлемін арттыруға бағытталған жаңғырту жұмыстарын жоспарлап отыр.

Виктор Бармин – “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ Петропавл 2-ЖЭО директоры:

– Осы жылы біз 110 кВ-ттық ашық таратқыш қондырғыны жаңғыртуды аяқтап жатырмыз. Тағы бірқатар негізгі және де қосалқы құрылғылар жөнделуде. Сондай-ақ, біз бұған дейін 6-шы, 7-ші, 8-ші және 12-ші қазандықтарды алмастырсақ, енді 1-ден бастап 5-ге дейінгілерді ауыстырмақпыз.

Бұл жұмыстарға 5 млрд 569 млн теңгеден астам қаржы бағытталмақ.

 

Риат Шони