МТРА жаңалықтары

С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада семинар-пікірталас өткізілді

Павел Старков – С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы директорының орынбасары:

– Бұл жүйе өткен ғасырдың 80-шы жылдары пайда болған. Жылдар бойы дамып жетілген бағдарлама енді ғаламтор желісінде жұмыс істейді. Бүгінгі таңда электрондық кітапханамызда 3000-нан астам кітап бар. Сондықтан, осы жерде көрсететін қызметтердің барлығына оқырмандар үйлерінде отырып қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады.

Кітапханаға келетіндердің қатарында әр түрлі жастағы оқырмандар болғандықтан көптеген кітапханалар жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына байланысты оларға арнап сан алуан іс-шаралар ұйымдастырады. Мәселен, М.Жұмабаев ауданында 41 кітапхана жұмыс істесе, олардың жетеуінде егде жастағы адамдар үшін арнайы ұйымдар құрылған.

Алмагүл Зейнуллина – М.Жұмабаев аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры:

– М.Жұмабаев ауданындағы орталық кітапханада “Ақ жаулық” және “Золотая осень” деген екі клуб жұмыс істейді. Оларға арнап әр түрлі іс-шаралар мен отырыстар ұйымдастырамыз. Бұған қоса, қарттарымыздың бастамасымен шеберлік сабақтары өткізіледі. Соның бірі Наурыз мерекесіне орай жаңа түскен жас келіндерге арналды. Ақ жаулықты әжелеріміз оларға тамақ пісіру, тігін тігу секілді істің қыр-сырын үйретті.

Сондай-ақ, С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада “Бір ел-бір кітап” республикалық акциясы өтуде. Биылғы жылы бұл шараның басты кітабы болып Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туындылары таңдалып отыр. Яғни, мамандар оқырмандарды жыл бойы көркнекті ақынның еңбегін оқуға тартып, насихаттайды. Бұл шараны өткізу эстафетасын ағымдағы жылы Павлодар облысы бастап, теріскейліктерге табыстаған болатын.

 

Эльмира Садуакасова