Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Марат Тюлюбаев – «Нұр Отан» партиясы СҚОФ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің консультанты:

– Партияның жоспарлы жарна жинауы бойынша аудандар көш соңында келеді. Мәселен, қазір Тимирязев ауданы 165 мың 347 теңге берешек. Сол себепті, партия мүшелерімен сөйлесіп, оларға қаражаттың не үшін жиналатынын және қайда жұмсалатынын дұрыстап түсіндіру қажет.

Сонымен қатар, жиында партия мүшелеріне өңірдегі жұмыссыздық мәселесін біржақты ету керектігі де айтылды. Өйткені, қоғамдық қабылдауға келетіндердің көбі осы түйіткілді мәселені шешуді өтінген. Өткен жылы ғана 407 адам екі қолға бір күрек іздеп, «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалына келіпті. Бүгінде аталған бағытта өңірде қызу жұмыс жүргізілуде.

Асқар Бегманов – «Нұр Отан» партиясы М.Жұмабаев аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі:

– Партиямызға халық көбіне жол мен су және жұмысқа тұру мәселесімен келеді. Бүгінде олар ақырындап шешімін табуда. Жалпы 52 адам аудындық филиалға келіп өз ұсыныс-тілектерін білдірді. Ал бүгінге дейін 12 адам келді.

Жалпы былтыр «Нұр Отан» партиясы облыстың филиалының қоғамдық қабылдау бөліміне 2300-ден астам өтініш түскен. Оның 500-ге жуығы өз шешімін тапты.

 

Айгерим Ержанова