Білім

Петропавлда “Дарынды балаларға – талантты ұстаз” атты облыстық сайысы өтті

Сәния Сәбитова – С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның тарих пәні мұғалімі:

– Мен қалалық классикалық гимназиясында 2 жылға жуық жұмыс жасаймын. Бұл сайысқа тынғылықты дайындалдым.

Жалпы байқауға қатысуға өңірімізден 80-ге жуық адам өтініш білдірген. Мұнда 25 педагог, 7 психолог пен болашақта мұғалім болғысы келетін 50-ге тарта жоғары сынып оқушылары бақтарын сынауға келіп отыр.

Әлмұрат Бектеміров – Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының әдіскері:

– Осы олимпиадада 3 саты бойынша жеңімпаздар анықталады. Олардың ішінде жеңіске жеткен жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен марапатталады.

Аталмыш сында жүлделі орындарға ие болғандар мамыр айының 4-і мен 5-і күндері Алматы қаласында өтетін республикалық байқауға жолдама алып, өңір намысын қорғайды.

 

Тогжан Акмагамбетова