Құқық қорғау органдары

Петропавлда қаңғыбастарды анықтауға арналған рейдтік шаралар өтуде

Оксана Шулепова:

– Ночлежный дом появился?

– Да, да. Приезжают, возят, кормят. Нормально. А утром по своим делам идем.

– Часто там бываете?

– Ну, практически, почти что каждый день.

Қаңыраған ғимараттар, жертөле, жылу трассалары. Кезбе адамдардың әдеттегі мекен жайы осы. Полицейлер күнде таңертең қаладағы мұндай орындарға рейдке шығады. Нәтижесінде күніне оннан артық үй-күйі жоқ қаңғыбасты жолықтырады екен.

Павел Ющенко – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ қабылдап-тарату бөлімі бастығының орынбасары:

– Рейдтердің бағыты күн сайын қала тұрғынждарынан келген арыз-шағымдарға сәйкес өзгеріп отырады. Қазір Кошуков көшесі 2, Шухов 32 А, Чайковский 15, 17, 19 және Бостандық көшесі 38-ші үй сияқты мекен жайлар жиі тексеріледі. Биыл мұндай рейдтік шаралардың нәтижесінде 20-ы наурыздан бері қаңғыбастарды қабылдау орталығына 50 адам жеткізілді. Оның жетеуі бейімдеу орнына орналастырылды.

Петропавлдық полицейлер жыл басынан бері 255 қылмыстың бетін ашқан. Нәтижесінде іздеуде жүрген екі қылмыскер мен із-түссіз жоғалған бір адамның мекен жайын анықталып отыр.

 

Акбопе Танирберген