БЖЗҚ-ның жергілікті филиалында ашық есік күні өтті

МТРА жаңалықтары

14:18 31 Наурыз 2017

Вячеслав Падолькин – қала тұрғыны:

– Мамандардың қызмет көрсету сапасына көңілім толады. Барлығын жақсы түсіндіреді. Бүгін құжаттарымды қайтадан ресімдеп жатырмын. Мұнда қызметтің барлығы оңтайландырылған. Бұдан былай мен зейнетақы жарналары туралы үзінді көшірмелерді үйде отырып-ақ, бейне қосымша арқылы алатын боламын.

“БЖЗҚ” жергілікті филиалы тұрғындар үшін ашық есік күнін өткізді. Шара барысында азаматтарға зейнетақы жүйесі туралы ақпарат берілді.

Ашық есік күніне келген азаматтар зейнетақы төлемдерін қай жағдайда мерзімінен бұрын алуға болатындығын сұрады.

Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ операция бөлімінің бөлімше меңгерушісі:

– Мерзімсіз І, ІІ топтағы мүгедектер, басқа елге тұрақты тұруға кеткен азаматтар өздерінің зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алал алады. Қайтыс болған адамның туыстарына зенетақы қорынан 52,4 АЕК мөлшерінде бір реттік төлем жасалады.

2018 жылдан бастап 2030 жылға дейін зейнетақы жүйесі біршама жаңғыртылмақ.
Мамандардың айтуынша, 1998 жылға дейін еңбек етпеген азаматтарда тұрақты жұмысынан бөлек қосымша қаржы көзі болуы тиіс. Осы жағдайда олардың базалық зейнетақы мөлшері мардымды болады. Қаржы саласының мамандары, әсіресе, әйелдер мен жастар өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке кәсіп ашуы керек деп кеңес береді. Ең дұрысы тұрғындар жұмыспен қамту органдарына жүгініп, “Жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамту” бағдарламасына қатысуы қажет.

Берік Қасен