Аптадағы маңызды жаңалықтар

Теріскейдің өндірісі даму үстінде

Бұдан соң арнайы қондырғының көмегімен дөңгелек үгітіледі. Ұсақ бөлшектерге бөлінген шикізат кейін желiм және түрлi түстi бояумен араластырылады. Содан соң түрлi формадағы қалыптарға салынып, қатырылады. Ал, дайын болған серіктестік өнiмдері бүгіндерін тұрмыста жиі кездестіруге болады.

Талғатбек Ғалеев – “Soltustik rubber recycling” ЖШС директоры:

– Былтыр зауытты ашып, 3 мың тонна дөңгелек жинадық. Содан плиткалар жасап жатырмыз. Былтыр 7 мың шаршы метр жасадық. Түстері әр түрлі. Екі өлшемі бар. Астана алып жатыр көп. Сосын Өскемен, Павлодар, Ақтөбе алып жатыр.

Қайта өңделген шинадан ғимараттар мен үйдiң табалдырықтарына төсейтiн резеңке төсеніш әзірленеді. Тағы оларды спорт кешендерінде де қолдануға болады. Қаладағы дөңгелек ауыстыратын орталықтармен жұмыс істейтін кәсіпорын мамандары шикізат қоры жеткілікті дейді.

Ал, мынау – Петропавлдағы трактор зауыты. Ашылғанына әлі бір жыл тола қоймаған кәсіпорын осы уақыт аралығында «Батыр» маркалы 7 трактор құрастарған. Онымен қоса тағы мұнда егістік кешендерін жасау ісі қолға алыныпты.

Сергей Шинкаренко – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС бас директоры:

– Бүгінгі күні біздер 6 егістік кешенін құрыстардық. Оның 4-уін сатып та үлгерсек, тағы 2-уін алатындармен келісімшарт жасалып қойылды. Бұл техниканың екі түрі бар. Бірінің алқапты қамту көлемі үлкен болса, екіншісі сәл кішірек болады. Оның қазіргі қолданып жүрген құрылғылардан артықшылығы, ол дәнді сепкеннен кейін бірден жерді бораналайды. Ылғал жабу жұмыстарын да бір мезетте орындайды. Айта кету керек, бұл кешеннің жобасын зауыт қызметкерлері өздері ойлап тауып, жасады.

«Степан» деп аталатын егістік кешенінің бағасы да өзгелерге қарағанда арзанырақ – 19 млн теңге тұрады. Жалпы бүгіндері зауытта 65 адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы көлемі 120 мың теңгенің маңайында.

Ғабит Әлібаев – “СП Петропавл трактор зауыты” ЖШС қызметкері:

– Осы жерде жұмыс істеп жатқаныма 1 жыл болды. Трактор, енді міне егістік кешендерін жинай бастадық. Жұмысым өзіме ұнайды. Бір бөлшекті жасаудың өзі талай жанның еңбегін талап етеді. Сондықтан, іске ұқыпты болу керек.

Кәсіпорын келешекте өнім көлемін арттыруды жоспарлауда.

 

Магжан Ахмадина