МТРА жаңалықтары

Облыс орталығында аспаздарға арналған екі күндік шеберлік сыныбы өтті

Ирма Жұмабаева – мейрамхананың бас аспазы:

– Бүгінгі шеберлік сабағы мен үшін өте пайдалы болды. Біздің мейрамханаларда дайындалатын бесбармақ, сірненің жаңа ерекшеліктерін байқадым.

Жалпы қаламыздың дәмханалары мен мейрамханаларынан тағы 13 аспазшы бар. Олар қазақ халқының ұлттық тағамдарының өзгешеліктеріне мән беріп, өз қойын дәптерлеріне түртіп алуда. Шеберлік сабақты Астана қаласынан келген бас-аспаз Ахлиддин Тулегенов өткізді.

Тағамдарды 8-10 жасынан дайындай бастаған ол, бүгінде ұлттық асты әзірлеудің жаңа нұсқасымен бөлісуде. Атап айтсақ, көпшілікке дайындалатын бесбармақ пен сірнені енді бір немесе екі адамға арнап әзірлеуге болады екен.

Ахлиддин Тулегенов – “Royal catering” компаниясының бас аспазы, Астана қаласы:

– Біздің мейрамханаларымызға қонақтар келгенде, қазақтың ұлттық тағамы бесбармақты жегісі келеді. Біз оның барлығын алдын ала дайындап, сақтаймыз. Кейін пісіріп, келген мейманның алдына ұсынамыз.

Сондай-ақ, бас аспаз өз әріптестерімен қазақ халқының жент сияқты тәттілері мен бауырсақ, бәрәміш секілді тағамдарының дайындалу ерекшеліктерімен де бөлісті. Екі күнге созылған шеберлік сабақтан кейін барлық мамандар сертификаттарға ие болды.

 

Эльмира Садуакасова