МТРА жаңалықтары

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдегі машина жасайтын ірі кәсіпорындардың ұжымымен кездесті

Өндірісте кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізу керек. Осылайша, зауыттың бәсекелестігін арттыруға болады. Кәсіпорын тамыз айына дейін тапсырыс алыпты. Кейін аймақ басшысы Петропавл трактор зауытына барды. Мұнда ауыл шаруашылығы техникаларын шығарады. Осындай машинаның бірнешеуі өңір алқаптарына шығарылған. Мұнда жиналатын тағы бір қондырғы – себу кешені өңір жетекшісі Құмар Ақсақаловқа көрсетілді. Айта кету керек, бұл кешеннің жобасын зауыт қызметкерлері өздері ойлап тапқан.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Бұл техника барлық технологияны сақтап, көктемгі-дала жұмыстарын тиімді өткізуге мүмкіндік береді. Ол дәнді сепкеннен кейін бірден жерді бораналайды. Ылғал жабу жұмыстарын да бір мезетте орындайды. Мұндай өндіріс бізге өте қажет. Сондықтан, Қазагрофинанс арқылы қолдау көрсетуді сұрайтын боламыз. Сіздер сатып алушы шағымданбайтындай етіп сапалы өнім жасауға тырысыңыздар.

Осы күні облыс әкімі Петропавл ауыр машина жасау зауытының ұжымымен кездесті. Мына цехта энергетикаға қажетті жабдықтар әзірленеді. Мамандар Петропавл, Екібастұз, Теміртау қалаларындағы жылу электр орталықтарының тапсырыстарын орындайды. Қазір кәсіпорындағылар қазандық жабдықтарын жасауда. Олар Ресейдің Подольск қаласына жөнелтілмекші.

Ал мынау қондырғылар көрмесі Киров атындағы зауыттың аумағында өтуде. Облыс әкіміне сандық эфирлік телевидениеге арналған таратушы ретранслятор көрсетілді. Ол шағын елді мекендерге арналған. Біреуінің құны 17 млн теңге тұрады. Жақында контейнер Ресейге экспортталады. Зауыттағылар осындай өнім Қазақстанда да зор сұранысқа ие болады деген сенімде.

Киров зауытындағылар биылдан бастап 3D принтерлер шығарады. Әрбіреуі 500 мың теңгеге бағаланған. Жұмыс сапарының аяғында өңір жетекшісі Құмар Ақсақалов облысымыздағы кәсіпорындардың өндіріс көлемін арттыру қажеттігін айтты.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша 4 кәсіпорында шығарылған өнімнің құны 16 млрд теңгені құрады. Бұл аздау болып тұр. Әзірше, зауыттар 27 пайыз қуатылығында жұмыс істеп тұр. Келешекте өндіріс көлемін екі есеге дейін көтеру жоспарлануда.

Берік Қасен