МТРА жаңалықтары

Петропавл қалалық сотында баскетболшы Игорь Нанаевтың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы өтті

Онда 5 айыпталушының бірі Динаш Қайбаров өз кінәсін мойындады. Сот процессі барысында айыпталушы Олжас Еламаннан жауап алынды. Ол оқиға орын алған “Парк сити” клубында күзетші болып жұмыс істеген.

Олжас Еламан – айыпталушы:

 

– Мен қасымдағы жігіттерді мүлде танымаймын. Мен сол түні Қайбаровтың Нанаевқа соққы жасағанын көріп, екеуін ажыратып алдым. Кейін бұрылып кетіп қалдым. Нанаев жерге құлағанда оған ешкім көмекке келмеді. Қасында тұрған 19, 20 жастағы жігіттердің бәрі мас болды.

Берик Касен